Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды
Жаңақорған аудандық сотында 27 наурыз 2018 жылы құқық бұзушы Ү. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта, құқық бұзушы Ү. көлік басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, 21 наурыз 2018 жылы сағат 04:10 шамасында Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесінің бойында «ВАЗ-21074» үлгісіндегі автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны анықталған.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ү. «жеңіл» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ү. ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Э.Серікбаева,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
Пікір 8