№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша іс тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша іс тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында азамат А-қа  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

         Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы А. 21 желтоқсан  2017 жылы cағат 18:20 шамасында жәбірленуші З-ның ұлы кәмелетке толмаған Ж-ты №169мектеп ауласында жұлқылап ұрып, жерге лақтырып жіберіп, тән ауруына ұшаратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу және өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған деп оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.
Сотта анықталғандай құқық бұзушы А-тың кәмелетке толмаған Ж-ты ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасауға негіз бола алатындай мән-жайлар дәлелденбегенін,сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес кәмелетке толмаған Ж аудандық орталық ауруханамен «Оң жақ бел аймағының соғылған жарқаты» диагнозы қойылғанын, бұл диагнозда сараптама жүргізуге қажетті обьективті белгісі көрсетілмегенін,оның клиникалық ағымы жеткілікті деректермен дәлелденбегенін, сондықтан аталған диагноз жарақат есебіне алынбай, денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін бағалау мүмкін еместігі анықталғанын,құқық бұзушы А-қа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылуы қажет деп есетелген.
         Соттың 10 қаңтар 2018 жылғы қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының-1бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
          
         Э.Серікбаева,
 Жаңақорған аудандық сотының бас маманы.

         

23 қаңтар 2018 ж. 1 292 0