№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛЫМДАР СМАРТФОННЫҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕТІНІН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР СМАРТФОННЫҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕТІНІН АНЫҚТАДЫ


Смартфонды жиі-жиі қолдану және күніне бірнеше сағат бойы теледидарды көру балалардың психикалық ауруларына алып келеді. Мұндай қорытындыны американдық ғалымдар жасады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет-газеті iz.ru сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, балалардың денсаулығы туралы ата-аналардың ұлттық сауалнама жасалады. Сонда ата-аналарға балаларының мінез-құлқы туралы бұзылғанын айта келе балалары смартфонды жиі пайдаланатынын мойындаған.
Жалпы, зерттеу жұмыстары барысында, смартфондарды жиі пайдалану ата-ана мен баланың арасындағы байланысты бұзатыны анықталған. Сондай-ақ, баланың шығармашылық қабілетін шектеп, креативті ойлай қабілетін тежейтіні, ұйықысының бұзылуына алып келеді, телефонға тәуелділік пайда болып, меңез-құлқы өзгереді екен.
Осы ретте, ата-аналар мен ұстаздарды әңгімеге тартқан едік.
Төменарық ауылдық округіндегі №53 мектептің мұғалімі Айшаһар Байманова:
Мектеп оқушылары үші телефон қажет емес. Біріншіден, ол баланың қауіпсіздігі үшін қажет болса, екіншіден, сабақ үстінде ештеңеге алаңдауға жол бермейді. Бірақ оқушылардың арасында қымбат смартфон ұстайтындар жоқ емес. Мұндай жағдайлар оқушылар арасында ұялы телефонға деген бәсекелестік тудырмай ма? – деді.
Ал, Жаңақорған кентінің тұрғыны Ерсұлтан Жанболат:
– Ұлдарым мектепке енді баруда. Әркез телефонды сұрап, youtube.com игіліктерін көруге талпынады. Бірақ, мұнын балаға зиянын түсіндіріп, көңілін ойынға аударуға тырысамын, – деді.
Нұр-Кенже.
04 қараша 2018 ж. 1 593 0