№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайталаймыз, смартфон балаға зиян!

Қайталаймыз, смартфон балаға зиян!

 1. Бала қолында смартфонның болуы қаншалықты қажет болса да, ол ата-ана мен бала арасындағы байланысты бұзады. Смартфондағы бағдарламаларды (WhatsApp, Viber, IMO т.б.) қолдану, мезетте жауап беру балаңызға көңіл бөлуді арттырмайды. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет.

Баламен табиғатта жиі серуендеу, үйде көп әңгімелесу арқылы ғана байланыс жасалады. Сізбен емес, смартфонмен сырласатын бала өсіруді мақсат тұтпасаңыз, қолына смартфон ұстатудың алдында ойланыңыз.
2. Смартфон – баланың шығармашылық, оның ішінде креативті ойлауын тежейді. Смартфондағы түрлі ойындар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік алған баланың шығармашылық ойлау процессі тоқтай бастайды. Әсіресе, ойындардың қауіпі зор екен. Олардың ойлауын тежеумен қатар, оптикалық-сенсорлық дамуына кері әсерін тигізеді. Көбінде баланың іс-әрекетінің баяулайтынын байқауға болады.
3. Бала ұйқысының бұзылуына себеп болады. Ғалымдардың зерттеуінше, смартфон жатын бөлмеде болған жағдайда ұйқысының қанбауына, ұйқыға кеш жатуы мен шаршаңқы болуына бірден-бір себеп болады. Баланың уақытылы ұйықтап, келесі күнге миын тынықтыруы оның өсуіне маңызды екенін білесіз. Алайда, оның қолында смартфон болса ол мақсатқа жете алмайсыз.
4. Өз іс-әрекетінің салдарын ойлауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі таңда жеткіншектер өзара қарым- қатынасты түрлі чаттарда жазысу арқылы жасайды. Смартфонды пайдалану арқылы жылдам жауап беруге дағдыланады. Жылдам жазам деп ойланбай жауап беретін жастар өсіп келеді. Оған дәлел ретінде тәжірбие жүргізілген балалардың мына мысалын қарастырсақ. Чат ашып, оған достары ортақ балалардың сөйлескенін бақылап отырған. Достары арасында келіспеушілік болып, өзара қысым көрсетіле бастайды. Осы жағдайда чаттағы бір бала «өміріңді жоғалтқаныңды тілеймін!» десе, жақсы отбасыда тәрбиеленген балалар да еш ойланбастан «сенің де!» деп жауап берген. Осы тәжірбиеден-ақ смартфонның балаға өзінің іс әрекетінің салдарын ойлануға мұрша келтірмейтінін байқауға болады.
5. Смартфон баланың оқуға деген қабілетін төмендетеді. Баланың білімге деген құштарлығының төмендеуіне сабақ уақытында ойының басқа нәрсеге бөлінуі себеп екенін мұғалімдерде жиі айтып жүр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, смартфон құрылғыларын көп пайдаланатын баланың математика және физика пәндері үшін қажетті дағдының қалыптасуын бұзады. Яғни, смартфонға жақын болған балалардан нақты ғылымға әлсіз жеткіншектер өседі.
6. Смартфонға тәуелділік қалыптасады. Түрлі ойындар мен бағдарламалар арқылы өзіне тәуелді ететін смартфондар оның ұзақ уақыт бойы, тіпті ересек өмірде де оның «есірткі шегуші» секілді тәуелді болуын жүзеге асырады.
7. Псиxикалық саулығына әсер етеді. Мамандардың айтуынша, балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда интернет пен смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудан болады дейді. Смарфондағы ойындарда жиі қорқытып-үркіту орын алады. Бұл оның псиxикасына кері зиянын тигізеді.
8. Балаңыздың физикалық саулығына зиян. Смартфонды пайдаланушылар бір орында қимылсыз отырады. Бұл жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсер етеді. Олар таза ауада көп қимылдауы тиіс. Соның салдарынан арқаның қисаюы, көзінің көруі нашарлауы, артық салмақ жинауы тағы да басқа аурулар табуы мүмкін.
9. Мінез-құлқы өзгереді. Смартфонды күніне 2 сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруі мен әлеуметтік мәселелерінің тууына үлкен себеп. Мінезінде тұйықтық пайда болады. Алуан түрлі ойындар жеткіншектің көңілінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады.
10. Балаға зорлық-зомбылықты үйретеді. Смартфон арқылы түрлі зорлық – зомбылық ойындар, чаттар немесе интернеттегі әдепсіз видеоларды жиі көретіндіктен агрессивтілік пен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады. Оның зардаптары қазіргі уақытта да байқалып жатқанына куә болып жатырмыз.
Дерек көзі: namys.kz
01 қараша 2018 ж. 1 348 0