№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғалымдар интернетке жұмсалған ұйқы уақытын есептеді

Ғалымдар интернетке жұмсалған ұйқы уақытын есептеді


Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, респонденттердің ұйқы уақыты мен жоғары жылдамдықты интернет арасындағы байланысты анықтады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Талдау көрсеткендей, кең жиілікті интернетті пайдаланушыларда демалыс уақыты орташа есеппен алғанда 25 минутқа азаяды екен. Оның үстіне, жоғары жылдамдықты интернеті бар адамдар мұндай мүмкіндігі жоқ азаматтарға қарағанда төрттен бір есе алты сағаттан аз ұйықтаған. Интернеттің ұйқыға ықпалы 18-30 жас аралығындағы адамдарда жиі байқалған. Бұл жас санатында ұйқы уақытындағы айырмашылық 70 минутты құраған.
Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік ұйқы сапасына да әсер етеді. Зерттеу мәліметі бойынша, егер интернетті пайдаланса, респонденттер жиі оянатын және ұйқыларына көңілдері толмайтын болған.
Мұндай зерттеуді Bocconi университетіндегі италиялық ғалымдар жүргізген. Олар 2012-2013 жылдары германиялық Федералдық статистика кеңсесімен жүргізілген German Time Use Survey сауалнамасының мәліметтеріне талдау жасаған. Сауалнамаға 5,5 мың респондент қатысқан. Қатысушылар үш күн бойы өз әрекеттерін он минуттық аралықпен жазып отырған.

БАҚ.КЗ
05 тамыз 2018 ж. 917 0