№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Компьютерге қарағанда смартфонның зияны көбірек – офтальмолог

Компьютерге қарағанда смартфонның зияны көбірек – офтальмолог


Смартфондар адамзаттың күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігіне, құрауышына айналып келеді. Біз смартфондарды олардың тікелей мақсаты бойынша, яғни, сөйлесу, хабарлама алмасу үшін пайдаланумен қатар, бұл коммуникация құралы қазіргі уақытта жұмыс компьютерін, ойын приставкасын, кітап пен фотоаппаратты да алмастырып отыр. Күні бойы қолынан бір сәтке түспейтін бұл құралды кей адамдар тіпті көзі ұйқыға кеткенше қызықтап жатады. Бұл тәуелділік пе? Смартфондар көзге қаншалықты зиян? Baq.kz тілшісі осы және басқа да мәселелер жөнінде «Oftum» Еуропалық лазерлік көз хирургиясы клиникасының офтальмолог дәрігері Әлияқпарова Айжан Хамитжанқызымен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отыр.

- Айжан Хамитжанқызы, қазір смартфондардың көзге зияны қаншалықты өзекті болып отыр?
- Смартфон, планшет, электронды кітап, видеосы бар МР-плеер – мұның барлығы адам өміріне сіңісіп кеткені соншалық, көп адамдар электронды экранға минут сайын үңіліп отырады. Біреу жай ғана көңіл көтеріп, ойнап отырса, біреу жұмыс істеп отырады, жалпы, заманауи гаджеттерсіз іс-әрекетің де шектеліп қалатын жағдай туындап отыр. Заманауи электронды құрылғылар көзге қаншалықты әсер ететіні жөнінде ойлану керек. Статистика бойынша соңғы 10-15 жылда қазіргі заман жастары электронды құрылғыларға тәулігіне 10 сағатын арнайды екен. Ендеше, алысты нашар көру қаупінің туындауы ұлғаяды және көз құрғауы синдромы пайда болады. Сондай-ақ, адамдарда алысты нашар көрудің күрделі түрі де туындап жатады. Ол аккомодация түйілуі деп аталады. Яғни, бұл жағдайда алыстағы кескіннің анық көрінуіне жауап беретін көз бұлшық еттерінің жұмысы бұзылып, соның салдарынан алысқа қарағанда көздің бұлдырлауы.
- Сіздердің клиникаларыңыздың көмегіне жүгінушілердің жас аралығы қандай?
- Біздің клиниканың емделушілері - 18-45 жас аралығындағы азаматтар. Олар көбіне көздің көру анықтығының нашарлауына, көздің тез шаршауына, көзде құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Емделушілердің өздері мұның барлығына компьютер алдында ұзақ отыру, гаджет пен смартфонды жиі қолдану себепші екенін жақсы түсінеді. Оларды тексеру барысында көбісінде «құрғақ» көз синдромы, аккомодация түйілуі, алыстағыны нашар көру анықталады. Аккомадация түйілуі секілді диагнозды көру қабілеті күрт нашарлаған емделушілердің көбісі естиді. Офтальмологтар гаджет экрандары көрудің айтарлықтай нашарлауына алып келмейді, алайда, аккомодацияның түйілуіне себепші болады деп санайды.
- Күні бойы компьютерде отырып, көздің көру қабілетіне зиян келтірмеу мүмкіндігі бар ма?
- Біздің көзіміз жақындағы немесе алыстағы нысанға қараған уақытта әртүрлі жұмыс жасайды. Бұлшықеті бос тұрған көздің қалыпты күйі – бұл алысқа қарай бағытталған аккомодация. Адам жақын жерде тұрған заттарға қараған кезде көз бұлшықеттері жұмыс жасай бастайды. Компьютермен жұмыс жасаған кезде кірпік бұлшықеттері жиырылып, оған күш түседі де, ол бірте-бірте мұндай күйге үйреніп кетеді. Көз бұлшықеті мұны қалыпты жағдай деп қабылдаған соң, алыстағы дүниелерді көру күрделене түседі. Міне, осы аккомодация үйілуі деп аталады. Компьтердің көзге зияндылығын төмендету үшін көзге тұрақты гимнастикалар жасап, бұлшықет демалуы үшін жұмыста үзіліс жасап тұру қажет, яғни алысқа қарау керек. Ал, жаттығуларға келер болсақ, офтальмологтар Аветисов бойынша гимнастика жасауды ұсынады. Бұл 45 жасқа дейінгі азаматтарға арналған жаттығу. Көзіңізге жаттығу мейлінше жиі жасағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар, смартфонды қолдану кезінде жиі кірпік қағыңыз. Бұл көздің ылғалдануына, тітіркенбеуіне септігін тигізеді.
- Ал көздің құрғауы сынды проблема жайында не айта аласыз?
- Ия, бұл компьютермен тұрақты жұмыс жасау кезінде туындайтын проблемалардың бірі. Офтальмологтар көз тамшыларын пайдалануға кеңес береді. Соның ішінде, құрамында гиалурон қышқылы бар тамшылар жақсы құрал болып саналады. Теледидарды қараңғыда тамашалау да көздің шаршауына алып келеді. 45 жастан кейін көз қарашығы аккомодациялық қабілетінің жартысын жоғалтады. Жас ұлғайған сайын көздің ылғалдылығы да төмендей бастайды. Жалпы, автобус, метро, көлікте бара жатып смартфон экранынан оқыған аса қауіпті. Вагонның шайқалуы, діріл, қараңғылық – мұның барлығы көзқарастың бір нүктеде тұрақтамауы салдарынан, көзді жұмып-ашу сирек орындалады. Ал, көзді жұмып-ашу тек шаң мен тозаңнан тазартып қана қоймай, көзді ылғалдатуға ықпал етеді. Сонымен қатар, анықталғандай, компьютерлерге қарағанда 7 дюймдік планшеттер мен смартфондар көзге көп зиян келтіреді. Мәселе экран диагоналінде болып тұр. Шағын дисплейде не жазылғанын көру үшін пайдаланушы құрылғыны көзіне қатты жақындатуы керек. Ал бұл көз жанарының зейін қою мүмкіндігіне кері әсер етіп, макуланың бұзылуына алып келеді. Компьютер, планшет және смартфонның экраны көзге зиян екенін барлығы біледі. Оларды қолданбаса да болмайды. Экраннан оқу, қарау кезінде экран жарықтылығын дұрыс баптау керек. Егер, телефон дисплейі тым жарық болса, сіз телефоннан бас көтеріп айналаға қараған соң және қайтадан телефонға қараған кезде көзіңіз тітіркенеді. Сондықтан, оның жарықтылығын айналаны қандай жарықта көресіз, дәл сондай етіп орнату керек. Сол сияқты, телефон әріптерінің көлемін де көзге ыңғайлы етіп орнату керек. Негізі телефонды көзден 20 см қашықтықта ұстау керек. Ия, бұл ыңғайсыз. Алайда, көзіңіздің көру қабілетін сақтауға ықпал етеді.
- Ал арнайы ота арқылы көздің көру мүмкіндігін қалпына келтіруге болады ма?
- Тұрақты миопия кезінде көзілдірік пен жұмсақ линза орнына көруді қалпына келтіру әдісі ретінде көзді лазерлік түзету отасы ұсынылады. Алайда, 45 жастан кейін мұндай лазерлік ота жасауға болмайды. Жалпы, заманауи технология көзді лазермен қалпына келтірудің кең мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Бүгінде лазерлік түзету еш аурусыз және тез жүргізіледі. Жаңа технологиялар көз жұмысына кедергінің мейлінше төмендетіп, нәтиже дәлдігінің жоғарылығын қамтамасыз ете алады. Осы сияқты оталар біздің клиникада да жасалады. Лазермен жұмыс уақыты 26-29 секундты ғана құрайды. Relex Smile, Femto Lasik сияқты әдістер минималды инвазивті, қауіпсіз және ауру тудырмайтын әдістер болап табылады. Мұндай ота бағасы орта есеппен алғанда 1 көз үшін 100-300 мың теңге шамасында болады. Сол себепті, көз жұмысын жақсартқысы келетін адамдар үшін қазір мейлінше жеңіл шаралар қарастырылған. Тек, ниет болса болғаны.
Дереккөз: Baq.kz
24 мамыр 2018 ж. 1 167 0