№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ САРҚЫТЫ СУАЛМАПТЫ

САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ САРҚЫТЫ СУАЛМАПТЫ


Бұған дейін аудандық басылым бетінде төменарықтық Жанболат Серікбаевтың шаңырағын қызыл жалын шарпып, әп-сәтте баспанасыз қалғандығы жөнінде жазған болатынбыз. Яғни, ауыр жағдайды газет бетінде көтеріп, жылу жинау жөнінде бұқараға үн тастаған едік. Шүкір, қазақы салт-дәстүрдің сарқыты суалмағандығының куәсі болдық. Жылу жинау дәстүрі өзіндік өміршеңдігін көрсетті. Бүгінде далада қалған отбасының өмірге, қоғамға сенімі артып, көптің күшімен баспаналы болды. Иә, әу-баста Төменарық ауылдық қауымдастық төрағасы Жақсылық Сапарбеков ағамыз бастап, ауыл әкімі Найрахман Фазылов қостап,ауыл ақсақалдары мен қауымдастық мүшелері бас көтеріп, ел болып, жыл жинауға үн тастаған еді.  Міне, араға ай салып, қызыл жалыннан зардап шеккен Серікбаевтар отбасына жаңа үйдің кілті табысталды.

«Қайғыны бөліссе азаяды» дегендей, ел болып Төменарық ауылындағы шарасыз күй кешкен шаңыраққа жұртшылық болып жәрдем беру бұл сауапты іс екені айқын. Адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбарымыз «Қайсы бір мұсылман өзінің бауырына көмек қолын созса, Алла Тағала оған да көмектеседі» деген. Яғни, сіздің берген дүниеңіз кемімейді, керісінше мүлкіңізге береке кіреді. Сансыз сауапқа кенеліп, Алла алдында абыройы артады. Осы ізгіліктерді бойына жинаған жомарт жандардың жақсылық жолында жарысып, бір отбасының баспаналы болуына себепкер болғаны қуанышты іс.
Иә, жомарттықтың негізгі өзегі – қайырымдылық. Ал, риясыз түрде жасалған көмектің сауабын Алла береді. Ал, сауап көзге көрінбейтін нығмет. Жаратқанның алдына барғанда жүзің жарық болады. Бұл дүниеде кәсібіңе береке береді. Десе де, біз Төменарықта болған сынақтан қабырғалы қазақ елі қашанда қайғыда қалған қауымын тасада қалдырмайтынын ұқтық. Ел-жұрт «садақаны сауыңда бер» деп, Серікбаевтар отбасына жылу жинап, сауапты істің бел ортасынан басталды. Әрине, «бір қолың берген садақаны екінші қолың білмесін» деген. Алайда «алманы алма көріп нәр алсын» деген ниетте бәрін болмасада, бірқатарын атауды жөн көрдік. Естеріңізде болса, ең алғашқылардың бірі болып, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы барша жаңақорғандықтарды жақсылық жолында жарысуға шақырған еді.  Қысқаша орын алған оқыс оқиғадан хабардар етіп, оразада сауапты іске ұйытқы болуға үндеді. Желідегі жазбасына қаржылық есепшоттарын жазып, немесе тікелей өзіне хабарласуын өтінді. Тек жазып қана қоймай, әкімдікке қарасты барлық дербес бөлімдерге қаржылай қолдау жинады. Оның ішінде, аудан әкімдігінің барлық дербес бөлімдері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, кент орталығындағы №163, №125, №169 орта мектебі ұжымы, Қызылорда қаласынан «QOLONER» ұлттық нақыш орталығы мен Төменарық ауылдық округіндегі білім, денсаулық, мәдениет, жалпы ауыл жұртшылығы белсене атсалысты. Осылайша жұртшылықтан жиналған 658 мыңға ауыл ортасынан тұрғын үй сатып алды. Сондай-ақ қоныс тойына құтты болсын деп Нұрболат Аширов басшылық ететін «Ақ жол» сауда орталығы газ плитасы, мұздатқыш сынды тұрмыстық техника тарту етті.
«Көп түкірсе – көл» деген емес пе? Қайырымдылық мақсатта қаржы жиналып жатқанын естіп, атын атамауды сұраған атымтай жомарт жандарда бар. Жалпы халық хал-қадірінше көмек қолын созды. Бір түсінгеніміз, салт-дәстүріміздің сарқыты суалмапты. Бұл да бір сынақ. Ақиқатында сіздің көмек ниетімен жинаған соңғы тиыныңызда болсын есе-есе сауап бар.
17 шілде 2018 ж. 1 161 0