Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАЛ АЗЫҒЫ: ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

МАЛ АЗЫҒЫ: ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Қазір жаңақорғандықтардың басты тақырыбы – жем-шөп төңірегінде өрбуде. Оның себебі де түсінікті. Ауданда малдың басы жыл өткен сайын артып келеді. Енді оған қажетті мал азығына сұраныс өсті. Бағасы да мың құбылуы әдетке айналды.
Алдымен, мән-жайды білмекке ауылшаруашылық бөліміне бардық. Бөлім басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев:
– Біз биылғы межеден асыра орындадық. Мәселен, ескі жоңышқаның межесі 11 000 болса, диқандар 12000 гектарға дән сеуіп, зейнетін көруде. Сол секілді жаңа жоңышқаның көлемі 4000 болса, оны 5000-ға дейін жеткіздік. Алайда, неге шөп жеткіліксіз деген сауал туындауда. Оған бірден-бір себеп Оңтүстік Қазақстанның нарығы. Биыл ол өңірге жауын-шашын мен аяқ судың аздығы мал азығын жеткілікті деңгейде жинауға кедергі келтірді. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары аудандағы шөпті егін басынан тиеп кетуде. Жаңақорғандық тұрғындар осыған алаңдап отыр, – деді.
Түсінгеніміз, Оңтүстік өңірдің шаруаларына сұраныс арттырылып, нарық бағамының құбылуы әсер еткен. аудан нарығына кері әсерін тигізуде. Әйтпесе, ауылдық округтер жоспарды жүйелі орындауда. Арпа, бидайды қоспағанда ескі мен жаңа жоңышқадан Келінтөбе, Аққорған және Қожакент ауылы көш басында тұр.
Жауапты мамандардың жауабын тыңдағаннан кейін, былтыр аудан әкімінің бастамасымен ашылған «Мейірім» әлеуметтік базарына келдік. Істің мәнін түінгеннен кейін саудагерлер бірден жауапқа көшті.
– Шыны керек, биыл «құрғақшылық пен қымбатшылықтың» жылы десек болады. Көктемнің кеш шығуы мен жауын-шашынның аз болуынан табиғи шөп ерте қурап, ұшып кетті. Соның салдарынан малшылар шығыны көбейді. Құрғақшылықтың кесірінен орақ егінге кеш түсті. Жылда мамырдың 25-не дейін бірінші орақ түсетін, алайда биыл кеш іске кірісті. Себебі, ауа-райының кесірінен 20 күн жерге дәнді кеш тасталды. 2000 пресс шығатын жерден 1200-1300 ғана пресс ала алдық. Осының барлығы бізге де ауыр тиіп жатыр, – деді қожакенттік Дінислам Исмайлов.
– Ал, қымбатшылық қолдан жасалып жатқан жоқ па?
– Біріншіден, дизель отынының бағасы қымбаттады. Былтыр 100-120 теңгеден алатын жанар-жағар майдың бағасы 174-ке дейін жетті. Бұл қалтаға өте ауыр тиді. Екіншіден, Оңтүстік өңірдегі базар шөптің тапшылығы біздегі бағаны әлі де көтеріп жібермейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Ісіне кім кепіл, – деді саудагер.
– Қазіргі шөптің бағасы қанша?
– Егін басынан алып кететін болсаңыз 350-400 теңге аралығы. Ал, біз 450-470 теңгеден саудалаудамыз, – деді камаз иелері.
Біз сауалымызға тұщымды жауап алғаннан кейін тұрғындардан көлік алмаққа көштік.
Одан бұрын әңгіме арасында сатушылардың өтінішін тыңдап, жазуымызға тура келді. Олардың уәжі біреу – базар тұтынушыларға өте қолайсыз, себебі орталықтан алыс. Екіншіден, мұнда жағдай мүлдем жасалмаған, яғни ауыз су, тамақтанатын орын және жарық жоқ. Дегенмен, лаждауға тура келеді деп отыр. Ендігі олардың тілегі Сыр беткейге емес сауда орны тау беткейге ауыстырылса дейді. Біздікі өтінішті жеткізу ғана, қалғаны жергілікті билікті құзыретіндегі іс.
Сонымен,  тұтынушылар не дейді?
– Әзірге төрт түлік азығынан тапшылық көріп отырған жоқпыз. Алайда,былтырғыға қарағанда баға қымбат. Ал, бағаның тұрақсыздығы қарапайым отбасыларға ауыр тиюде. Қысқа дейін қамданбасақ, шөпсіз қаламыз-ау, – деді Мақсат Бұйрашов.
Нарықтың заңы – сұраныс пен ұсынысқа сай құрылады. Биыл жоңышқаға сұраныс артты. Сондықтан, бағасы қымбаттады. Сыр өңірінің 3/1 төрт түлігі бізде деп мақтанамыз. Енді сол малға жеткілікті деңгейде шөп қорын жинап, қысты аман-есен өткізсек болғаны...
Әли ТЕМІРБЕК.
23 маусым 2018 ж. 1 828 0