№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУБСИДИЯ АЛУДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

СУБСИДИЯ АЛУДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?


Диқандар көктемгі дала жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Жер жырту, арық пен канал тазалау жұмыстары да белсенді. Алайда, шаруалардың көкейінде субсидия алуда қандай өзгерістер бар деген сауал толғандырады. Расында, субсидия алуда өзгерістер бар ма? Оның жолы қандай? Біз осыны білмекке жауапты мамандарға жолығып, мән-жайды білдік.
Алдымен, егін шаруашылығынан бастайық. Себебі, биыл егін шаруашылығын субсидиялау бағытында көптеген өзгерістер енгізу жайлы ұсыныстар қарастырылуда. Соның бірі егін көлеміне емес, субсидия өнімділікке берілмек.
– Бұл өзгеріс әлі толық күшіне енген жоқ. Алдағы уақытта Заң нормаларына сәйкес еніп қалуы мүмкін. Сондықтан, жоба қолданысқа енсе шаруалар жеңілдікке ие болады. Әзірге минералды тыңайтқыштар алу жолы жүзеге асуда. 2017 жылғы №355 бұйрықпен тыңайтқыштарды субсидиялау қағидасы бекітілген. Осы қағидаға сәйкес сатып алынған отандық және шет елдік тыңайтқыштардың құнын субсидиялау қарастырылған. Яғни, алынған тыңайтқыштардың 50 пайызын субсидияланады. Диқандар әзірге осы бағытта жұмыс жасауда, – деді аудандық ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев.
Бір айта кететіні, субсидия мәселесіне бөлім жауапкершілігіне алмайды. Бұл арнайы Заң нормаларына сәйкес бекітілген. Себебі, келешекте субсидия электрондық жүйе арқылы жүзеге асады. Соның алғышарты ретінде тыңайтқыштар тәжірибеге енгізген екен.
– Қазір шаруалар минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды minagro.kz сайты арқылы жүзеге асыра алады. Яғни, аталмыш сайт арқылы шаруа қожалықтар өтінім беріп, тыңайтқыштарды субсидиялап отыр. Демек, келешекте барлық жүйе сандық технологияға көшетін болады. Әзірге нақты бекітілген Заң жүйесіне байланысты тыңайтқыштар ғана жұмысын нақтылады, – деді сала маманы. Сондықтан, бүгіннен бастап аталмыш сайт арқылы шаруалар жұмыс жасай берулеріне болады. Өйткені, алдағы уақытта гектарлық субсидия, гербеситтер мен судың, арзандатылған дизель отынның субсидиялау электрондық форматқа көшеді. Ендеше, шаруалар электронды құжатты игіліктеріне айналдыруды игеруі тиіс. Бұл егін бағытындағы жаңа жүйенің жаңалығы. Әлі де өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.
Енді мал шаруашылығына тоқталсақ. Бірден айта кетейік, жалпы Жаңақорғанда төрт түліктің саны қарқынды дамуда. Ендігі мәселе асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытын жандандыру. Субсидиялауға жататын бағыттардан бастайық. Біріншіден, ірі қара малдың, қой мен ешкінің, маралдардың аналық басымен, төлдерінің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату. Оның ішінде шет елдік шаруашылықтан алынған мал басын субсидиялау да бар.
– Төрт түлікті сатып алуды субсидиялаудан бөлек, жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті және сүтті асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандатуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қойдың қара көл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарында ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығынды өтеу іске асуда, – дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Бақыт Жексенбаев. Мәселен, «Сұңқар» шаруа қожалығы биыл қалмақ тұқымды алты бас ірі қараны сатып алса, сүт бағытында «Абай» шаруашылығы 50 бас ірі қараны баптайды.
– Асыл тұқымды сиырларды көбейтудегі негізгі мақсат сүт бағытын дамыту. Себебі, қазір нарық бағамында сүт өніміне деген сұраныс жоғары. Сондықтан, тәуекелге барып осы жұмысты қолға алдым, – деді Төменарық ауылының тұрғыны Әбдірейім Жәдігеров. Шыны керек, қазір Жаңақорғанда ет бағытындағы ірі қара саны артқанымен, сүт бағыты кенжелеп қалды. Бүгінде өнімділікті арттыру мен өнім сапасын әлемдік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде екен. Оның ішінде, құс бағытына көп көңіл бөлінуде. Өйткені, кәсіпкерлер құс шаруашылығына енді бағыт ала бастады. Ең бастысы, ірі қара малды союмен және етін бастапқы қайта өңдеумен айналысатын ет комбинаттарының сиыр етінің құнын арзандату бір ізге түсе бастағанын айтты мамандар.
Қорыта айтқанда, Елбасы Үшінші жаңғыруға бастаған Жолдауында отандық өнімді арту бағытында нақты міндеттер жүктеді. Оны жүзеге асыруда серпін беретін субсидияны алу қалай жүзеге асатынын түсіндік. Ең бастысы, дала еңбеккерлерінің еңбегі еселеніп, сапалы өнімге қол жеткізуге субсидия бағытталатын болады. Бәрінен бұрын, ауыл шаруашылығын қолдайтын тетіктер цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қаржыны бақылау тетігі күшейтіледі. Бұл дала еңбеккерлерінің жауапкершілігін арттырып, өнімділікке жол ашатыны ақиқат...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
10 сәуір 2018 ж. 1 247 0