№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2018: КӨРСЕТКІШ ЕКІ БАЛЛҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

ҰБТ-2018: КӨРСЕТКІШ ЕКІ БАЛЛҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

Биыл мектеп бітірген 1005 түлектің 524-і ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл – 80. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 балл жоғары.
Жалпы, Жүсіп Қыдыров атындағы №54 мектепте білім берудің үздік тәжірибесі қалыптасқан. Мұны биыл іс жүзінде дәлелдеп, ҰБТ қорытындысы бойынша 97 балл жинады. Бесарықтағы білім ордасын 31 оқушы бітірсе, соның 20-ы тестілеуге қатысты. Аудан бойынша ең жоғары баллдың бірін осы мектептің оқушысы жинады. Нақты айқанда, Әбділдә Аружан 123 балл көрсетті. Одан бөлек алты оқушы 100 балдан асырды. Олар: Серік Есболат 111, Рахат Медеубай 110, Сәми Әбжапбар 105, Ақбота Бекен 102, Айсара Асанбаева мен Гүлнәз Жолтай 100 балл.
ҰБТ сынында сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан көрініп жүрген мектептің бірі – №3 мектеп-интернат. Тест бойынша 94,4 балл еңсерді. Аудан мектептері ішінде 100 баллдан жоғары сегіз талапкер жинады. Бұл – аудандағы үздік көрсеткіштің бірі. Атап айтқанда, Гауһар Нұртай 119, Асылжан Қожамұрат 114, Аида Жиенбай 109, Гүлжайна Тайр 104, Ақниет Палахмет пен Зухра Өтеш 102, Балдана Қайратқызы 101, Айжан Сайынбай 100 балл жинады.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев жыл басында мектеп директорларын жинап, тестілеуге дайындықты пысықтап, нақты тапсырмалар берді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов дүркін-дүркін сыныма тест алуды басшылыққа алып, «Талдысу» лагерінде дайындықты күшейтті. Жауапкершілікті түсінген білім ордасының басшылары жұмысты жүйелей түсті. Оның нақты дәлелі, №239 мектеп. Былтыр ҰБТ қорытындысы бойынша 64,8 балл жинаса, биыл 93,2 балл көрсетті. Бұл – мектептер арасында үшінші тұғырға тұрақтауға негіз болды. Бесарықтың екінші мектебінің (Кеңес елді мекені) үш оқушысы 100 балдан асырды. Оның ішінде: Айкерім Сахибқызы 124 (аудандағы ең жоғары көрсеткіш), Дінмұхаммед Әлиев 115, Айшабибі Ақболат 102 балл жинады.
Айта кететіні, аудан бойынша 69 талапкер 100 балдан жоғары жинады. Олардың ішінде, №163 мектептің түлегі Мағжан Қожахметті (124 балл) ерекше айтуға болады. Ол таңдау пәні: математикада келген 40 сұрақтың 39 дұрыс жауап берді. Ал, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақтың 20-ын дұрыс тапқан.
Мектептер арасында ҰБТ қорытындысы бойынша алғашқы ондықты түйіндейтін болсақ: 91,7 балмен №223 төртінші, 90,3 баллмен №208 мектеп бесінші орынға жайғасты. Бегайдар Аралбаев атындағы №52 мектеп – 89,5, №162 мектеп – 88,5, Садықбек Сапарбаев атындағы №125 мектеп – 88, №110 мектеп-лицей – 85,8, №213 мектеп – 85,3 балл жинады.
ҰБТ нәтижесі бойынша ауданда үздік танылған №54 мектеп ауылдық жерде орналасқанын ескерсек, білім ордасы оқушыны тестке тың әдіс бойынша дайындайтыны белгілі. Яғни, тестке дайындықты 8-сыныптан бастады. Екіншіден, негізгі пән мұғалімі 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін үзбей береді. Үшіншіден, негізгі пәннен сабақ беретін ұстаздар толық ставкада жұмыс жасайды. Төртіншіден, мектептегі мұғалімнің потенциялы жоғары. Мәселен, мұғалімнің басым көпшілігі жоғары санатты ұстаз. Бесіншіден, жаттанды білімге қарағанда, негізді, дәлелді ілімге мән береді. Мәселен, оқушы дайындық тест кезінде биология пәнінен 17 сұраққа дұрыс жауап берді делік. Сол оқушы тестте дұрыс белгілеген 17 сұрақты ұстазы мен оқушылар алдында қорғайды. Яғни, аталған сұрақтың жауабын белгілеу кезінде неге сүйінгені (қандай оқулықтан оқығаны) сұралады. Ал, білмеген сұрақтарымен пән мұғалімімен жұмыс жасайды. Осылайша тест жаттатпай, пікір-талас алаңы ретінде оқушыны еркін әрі теориялық тұрғыда дайындайды. Осы тәжірибені аудан мектептері білім беру үрдісіне енгізетін уақыт келгендей...
Мемлекеттік комиссияның төрағасы Абдуқайыр Наурзақов жаңақорғандық түлектердің дайындығы жаман болмағанын тілге тиек етті. Бірақ, аздаған сәттілік жетіспегені анық.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов: «Былтырғы көрсеткішке 2 балл қостық. Әрине, мұнымен мақтануға болмайды. Жауапкершілікті әрбір мұғалім, мектеп директоры, ата-ана терең түсініп, оқушының фундаменталды білім алуына мән беруі тиіс. Жұмысты осы бағытты құруымыз тиіс. Сонда шығар биігіміз жоғары болады», – деді.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
23 маусым 2018 ж. 1 729 2

Гость Jeahulalf от 27 ақпан 2019 15:46
Order Nexium Online Canada cialis without a doctor's prescription Doxycycline Claravis Carmarthenshire Cheap Orlistat

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 00:08
Cialis Bologna Zithromax Azithromycin Online Viagra Paypal Accepted cialis no prescription Priligy Temoignages Buy Clavamox For Cats Online Viagra Mente