№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » САПАРЫҢ СӘТТІ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

САПАРЫҢ СӘТТІ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!


Соңғы қоңырау. Сыныптан сыныпқа көшкен оқушы, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрған жас түлек, баласының қуанышына келген ата-ананың басын қосатын мереке. Сондай қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері ұштасатын соңғы қоңырау №3 мектеп-интернатта мән-мазмұнымен ерекшеленді.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ғалым Әміреев мектеп-интернаттың білім беру ісінде өзіндік тәжірибесі қалыптасқанын сөз етті.
– Ауданда соңғы 5 жылда заманауи талаптарға жауап беретін 10 мектеп бой көтерді. Биыл төрт мектеп пайдалануға беріледі. Осыдан-ақ, білім беру саласына қаншалықты деңгейде көңіл бөлініп жатқанын аңғаруға болады. Аудан мектептері де мұндай қамқорлықты сезініп, көрсеткіштерін жақсартып келеді. Сондай қарашаңырақтың бірі – №3 мектеп-интернаттың жетістіктері бір төбе. Әсіресе, ҰБТ-ға бітіруші түлектер 100 пайыз қатысып келеді. Әрі жоғары балл жинайды... – деді аудан басшысы.
Расында, мектеп-интернат ауданда тестілеуге қатысушылар арасындағы үздік көрсеткіш көрсетіп келеді. Мәселен, 2016 жылы №3 мектеп-интернаттан Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 26 оқушының 24-і қатысты. 2015 жылы 28 түлектің 25-і, 2014 жылы 31 оқушының 30-ы, Биыл 22 талапкердің 21 тестілеуде білімін таразылайды. Жалпы, мектеп басшылығы талапкерлерге «ҰБТ-ға қатыспа» деген талапты қоймайды.
Білім ордасының басшысы, «Алтынсарин» медалінің иегері Ләззат Нәлібаева:
– Биыл мектеп-интернаттың оқушылары түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Осылайша, ауданның білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Әрине, мұның бәрі білікті де білімді ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Қадірлі түлектер, алдағы уақытта жоғары жетістіктеріңмен, жақсы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер! Өмірден өз орындарыңызды тауып, «Мәңгілік Елдің» тірегі болыңыздар, – деді мектеп директоры.
Одан кейін білікті ұстаздар мен үздік оқушылар марапатталды. Атап айтқанда, оқушыларының жетістігімен мақтана алатын Бәймен Сәбит, Мөлдір Баймаханова, Гүлнар Пернебекова, Сәуле Орынханова, Сәуле Сүлейменова, Айгүл Ақбаева, Сабира Зейдалиева, Айдын Намазова, Шамшахар Түлкібаева, Жазира Абибуллаева, Гүлзия Маденова, Гүлнар Әлібекова марапат биігінен көрінді. Ал, оқушылар арасында Райымбек Көзжан, Аида Әбсаттар, Іңкәр Жарқынбек, Нұрай Қайратқызы, Алтынбек Ерхожа, Нұрай Жұмабек, Гауһар Нұртай, Гүлжайна Таир, Ақниет Әбдраман, Еркежан Рамаш, Фариза Қайратбек және Назым Тұрғанбек болды.
Соңғы қоңырау салтанатына ширек ғасыр бұрын бітірген түлектер де келіпті. Олар үлкен өмірге қанат қақтырған білім ордасына «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сый-сияпат жасапты. Яғни, меценат Еркін Серікұлы мектеп оқушылары демалатын орындар жасап беріпті. Сондай-ақ, Аманкелді Абдуллаев пен Серік Азнабаев мектепке қамқорлық танытып тұратыны айтылды.
Жас түлектер 1-сынып оқушыларына сыйлықтарын және 10-сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыстады.
Мазмұнды өрілген шарада аудан әкімінің әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева жас түлектерге сәт сапар тіледі.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

26 мамыр 2018 ж. 2 429 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 12:59
Patient Reviews For Vardenafil Cialis En Andorra Acheter Cialis Pharmacie Ligne viagra Cialis Levitra Precio

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 00:28
Acquistare Kamagra Francia Kamagra Generika Online Bestellen Abc Pharmacy Canada cialis without a doctor's prescription Clomid Causes Fausse Couche Forum