» » Нашар аударма

Нашар аударма


«Жұлдыздың» алтыншы санын қарап шықтым. Әнуар Әлімжановтың «Жаушы» деген романының қазақша аудармасы онша ұнаған жоқ. Аудармашы Әлімжановты түсінбепті. Оның орысша тілі бай, құнарлы. Романның орысшасын оқыған едім. Енді қазақшасы қандай екен деп қызығып көрсем, Әлімжанов шығармасының өзіндік ағысы, шабысы, желіс, екпіні сақталмапты. Жолма-жол, дәл аударылған да шығар, оған таласым жоқ. Әйтсе де әлгі жағдайларды аудармашы  ескермеген. Е, былай екен ғой,мен былай етіп берсем, шығарманың шабыс екпіні сақталады екен ғой  деген тамаша талпынысты  байқай алмадым.

Олжас Сүлейменовтің да  өлеңдері қазақшаға нашар аударылған. Оның ойларының рухы, ырғақ, интонациясы толық жетпеген.
P.S. Қазір мұндай аудармалар  жетерлік. Өз кітабын қазақша жазғанымен, өзге тілден қазақша  майын тамызып аударатындар некен саяқ. Қазіргі жазушыларымыздың көбінің сөздері қасаң, сөздік қорлары жұтаң. Содан да болар қазіргі оқырман кітаптың аудармасын емес,  түпнұскадан оқығанды тәуір көреді. Ал Қалмақан Әбдіқадыровтың «Мың бір түніндей» аударманы ізесең таппайсың.  
22 маусым 2018 ж. 1 051 0