Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУРУДЫ «НЕСИЕГЕ» АЛУҒА БОЛАДЫ

АУРУДЫ «НЕСИЕГЕ» АЛУҒА БОЛАДЫ


Осыдан 10-15 жыл бұрын қоғамда көзілдірік киетіндер қатары аз еді. Мектеп қабырғасында жүргенде жалпы оқушылар арасында бір-екі бала ғана болатын. Онда да олардың «очкарик» деген лақап аты тағы бар. Бүгінде осы «очкариктердің» саны артты. Жасы да, жасамысы да көзілдірік киіп, телефонға шұқшиып отырғаны. Негізі әңгіменің әлқиссасы мынадан басталды.
Жақында таныс мұғаліммен жолығып қалдым. Әңгіме арасында көзін емдетіп жүргенін тілге тиек етті. Бойдақ болғасын телефонға жиі үңілетінін жасырмады. Тіптен тәуелді болып қалғандай сезінді маған. Себебі, қашан көрсем де екі көзі қызарып жүргені. Қолындағы 200 мың теңгелік айфонын несиеге алған. Қарызынан толық құтылмаған әлі. Смартфонды серік еткен сері жігіт облыс орталығындағы жеке клиникаға қаралуда екен. Дәрігерлер ем-домға қомақты қаражат керектігін айтқан. Енді міне, тағы сол Шиеліге кетіп бара жатыр. «Каспи Банктен» кредит алып, көзін емдетпекке. Қысқасы, әуелде несиеге алған дүниесінен дерт тауып, енді сол дертіне шипаны қайта несие алып емдетпекші. Қоғамда мұндай мысалдарды молынан тарқатуға болады. Сөзіміз дәйекті болсын. Жыл басында қызылордалық әріптесім Дәулет Қырдан Қызылорда облысында көз дәрігеріне көрінетін балалар саны артқанын баспасөз бетінде жария­­лады. Яғни, 2017 жылы 18 жасқа толмаған 5801 бала офтальмологтың қарауында болған. Бұл жөнінде ауданның ахуалын мақаланың соңына таман тарқатамыз. 
Ендігі кезекте тақырыптың себебінен гөрі, салдарына үңілсек. Ұялы телефон, смартфон, планшет, тағысын тағы. Бұл гаджеттер бүгінде кез келген жастың сенімді серігіне айналды. Интернеттің әлегіне түсіп, әлеуметтік желідегі ақпараттарды ақтарады. Жалықса виртуалды ойын ойнайды. Қаласа фильм көреді. Осылай денсаулығына аса мән бермеген уақыттар уақыт өте өзінің зиянын келтіреді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген дүние. Ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқынның көз жанарына кері әсерін анықтағанына он жылдың жүзі болды. Дабылды ескертуді құлақ аспағандарға мысал болсын деп, осы электромагниттік толқындарды тышқандарға сынақ ретінде тәжірибе жасады. Нәтижесінде тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. 
Хош. Әлгінде айтқандай, ауданның ахуалына тоқталсақ. Аудандық емхананың көз дәрігері Бақытжан Әжібектовтің айтуынша, емханаға келген әрбір үш оқушының екеуі көзілдірік киеді екен. 
– Негізінен көздің көру қабілеті үшке бөлінеді: жеңіл, орта және жоғары дәрежелі. Біз тек жоғары дәрежелісін ғана есепке аламыз. Өйткені, жеңіл мен орта деңгейлі көзілдірікпен қайта қалпына келеді. Жасыратыны жоқ, мектептен үш бала алып келетін болса, оның екеуі көзәйнек тағады. Бұл таңсық емес. Оған қоса, аудандық әскери комиссиаратта науқандық әскерге шақыртулар кезеңінде көп боламын. Сонда байқайтын бір мәселе бар. Мәселен, ауылдық округ арасында Шалқия мен Құттықожадан келетін әскерге шақыртушылар көп көзілдірік тағады. Яғни, көбіне көзден ұсталып, әскерге аттана алмай жатады. Және де глоукома деген дерт яғни, көздің қан қысымының көтерілуін айтады. Осы дертке душар болған жігіттер Түгіскен мен Қожакентте жиі кездеседі. Салыстырмалы түрде оысын байқаймын. Себебін білмедім ¬– дейді аудандық емхананың көз дәрігері. 
Қорыта айтқанда, дәрігерлер көз ауруы жасарып бара жатқанын жасырмады. Керісінше, алдын алу бағытында профилактикалық шараларға маңыз беруде. Десе де, саулыққа деген немқұрайлықтың соңы, көзәйнекке телміруге ұласуда. Сондықтанда әрбір нығметтің қадірін білгенге не жетсін...

Әбдісамат ӘБДІШ.
23 қаңтар 2018 ж. 1 323 0