№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Дос


Осы сөздің толық мағынасына мән беріп жүрміз бе? Қарап отырсақ, дос туралы небір асыл сөздер бар. Ақындар дос туралы өлең жазып, сазгерлер ән арнады. Ғұламалар дос туралы өз пайымдарын паш етті. Енді осы айтылған сөзге қайта оралайық. «Кім бар ыстық бала күнгі досыңнан, көңілім бар қызғалдақтай ашылған» деген ақын сөзі бала күнгі досына ешкімді де теңестірмейтіндігін паш етіп отыр.
Балалық шақтағы достық, ол мәңгілік. Ондай достар қайда жүрмесін, қандай қызмет атқармасын,қандай әлеуметтік тұрғыда өмір сүрмесін бірін-бірі мәңгі іздеп жүреді. Ол үшін шығарда жаны бөлек екендігін көрген жұрттың оларға деген сый-құрметі артпаса, азаймасы хақ. Ал ересектер арасындағы достыққа келер болсақ олардың көбісінде достық қатаң есепке құрылатындығын көріп те сезіп те жүрміз. Бұл әсіресе қызметте жүрген азаматтар арасында айқын көрінеді. Яғни бір азамат үлкен қызметте отырса, немесе басшының туысы болып келсе, оған дос көп, бейне гүл шоғына шоғырлана қонған бал арасы секілді айнала қоршап, соның қас-қабағына қарап, ол күлсе күліп, ашу шақырса онымен қосыла ұрысып, көп алдында абыройыңды төгіп бағады. Сол басшы қызметтен кеткен күннен бастап, олардың арақатынасы азайып, тез арада достығы мансұқ болып, аралары суый беретіндігін көреміз.Осы арада дос туралы Хакім Ұлықпанның айтқан сөзі көкейге оралады.
Бірде Хакім Ұлықпан бір мәжілісте отырғанда, уәзірлерінің бірі: Тақсыр, айналаңыз үнемі адамнан арылмайды. Бәрі сіздің досыңызбыз дейді. Шын мәнінде осылардың қаншасы сіздің досыңыз десе керек. Сонда Хакім Ұлықпан: Менің қанша досым барлығын әзір түсін түстеп айта алмаймын. Мен патшалықтан түскеннен кейін бір жыл өткеннен кейін нақты санын айта аламын, депті. Бұл жоғарыда айтқан сөзіміздің нақты дәлелі болса керек.
Ал мына қамшының сабындай қысқа ғүмырында ер азаматтар арасынан жабыққан жанына жалау болар дос таппаған ақиық ақын Мұқағали халқымыздың сүйікті ақын қызы Фаризаға өз мұңын шақканын талай естігеніміз де рас.Жасы елуге келгенде ұлы Абай да айналасындағы достарынан, кейінірек сүйікті ұлы Әбдірахманнан айрылған соң, оның сарыуайымға берілгенін Мұхаң-Мұхтар Әуезов шынайы суреттей жазды.
Елден жырақ кетіп, білім іздеген, шет жерде жүріп, дос қадірін сезінген Әбу Насыр бабамыз шын досты қалай таңдауды бір ауыз сөзбен түйіндеген:
«Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен».
Туа біте зағип болсада көп оқып, білімдар атанған Ахмед әл-Иүгінеки: «Досым деп сенбе, сыр айтпай сақтан»,- дегенді замандастарына жыр қылып айтқан.
Осы орайда грек ойшылы Диоген өмірінің соңына дейін жалғыз өмір сүргендігіне таңқаласың. Оның тіпті достық тілектегі қол ұшын созған Александр Македонскийдің де көмегінен бас тартқанының өзі не тұрады.,,Неге достарыңның көмегіне жүгінбейсің?-деген сұраққа, ол:Дос –деген екінші сен. Ал дәл мендей адам айналамда жоқ’’-деп жауап қайырған көрінеді.
Өмірден жалғыз өткен жанның бірі-француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо. Ол жалғыздығынан жапа шекпек түгілі, ләззат алатын болса керек. ’’Мен жалғыз болғаныма қуанамын.Мен ешкімге тәуелді емеспін, менің сенерім де жоқ. Мен-жалғызбын. Қандай бақыт!’’- деуден танбаған.
Белгілі орыс жазушысы Антон Чеховтың мінезінің салмақтылығы,ұстамдылығы оның замандастарының жазған естеліктерінен белгілі. Неге бұлай деген таныстарына Антон Павлович:-- Менің жора-жолдастарым өте көп. Алайда шын жанашыр досым жоқ. Әкем мен шешем ғана-менің шын достарым’’,-деген көрінед. Содан да болар бейбіт күнгі достықтың қадір-қасиетінің алдамшы болатындығын, шын достық тар жол, тайғақ кешуде белгілі болады деп ата — бабамыз ертеректе айтып кеткен.
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде бұлардың шағын қолы бір өзен бойында демалысқа тоқтайды. Кенет жаудың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасап, екі достың бірін тұтқындап, сондай-ақ тонаған мал-мүліктерін де тиеп айдап алып кетіпті. Досының қолға түсіп қалғанына шыдамаған екінші батыр күздің қара суығын елеместен,өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Жалғыз келген батырға жау әскері тарпа бас салады. Батыр жігіт өзін әскер басыларына апаруын өтінеді. Жаудың қолбасшысының алдына келген ол: -Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Қолымнан келері, досым үшін өз өмірімді беремін, тек досымды босатыңдар,- десе керек.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: -Жарайды, мен сенің өміріңді қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Тек бір қимасыңды берсең болды ,-дейді.
-Ол не?-дейді, досын құтқаруға асыққан жігіт.
-Маған сенің көздерің керек ,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын.
-Ол да болсын,көзімді тезірек ал да,досымды босат,-дейді. Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип болғанына қарамастан көңілі шалқып қуанып, күлімдеп келе жатады. Досы үшін өзінің қимасынан айрылса да мойымаған жігіт келбетін көрген жаудың қолбасы :-Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады,-деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Бұл мысалды алға тартып отырғандағы мақсат достық тек қиын-қыстау кезде ғана емес, бейбіт күнде де мүмкін екендігін санаға құю, түсіндіру. Достық деген ұлы ұғымды қолжаулық етпесек. Ал сіздің досыңыз бар ма?

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 қаңтар 2018 ж. 2 732 3

Гость Jeahulalf от 19 желтоқсан 2018 04:47
Comprar Cialis 20 Mg Espana Buy Renova Without Prescription buy viagra On Line Stendra Mail Order Pills Wolverhampton Posologia Propecia Alimentos Levitra 10mg Yp Health Care Viagra viagra Kamagra Oral Jelly Srbija Amoxicillin Dosage For Tooth Infection Doxycycline 20mg

Гость Jeahulalf от 3 ақпан 2019 16:25
Difference Between Amoxicillin And Penicillin Where Can Buy Viagra Cheapest Price Clomid Online Pharmacy viagra Effetti Collaterali Viagra It Viagra Similar Cheap Soft Viagra Viagra En Fiv viagra Acheter Baclofen 25mg

Гость Jeahulalf от 10 ақпан 2019 15:37
Acheter Du Viagra En Belgique Zithromax Twitching Recommended Viagia Sites http://xbmeds.com Achat Viagra En Inde Zithromax 5 Day Dose Pack Find Generic Clobetasol Low Price Online Zithromax Ship To Canada levitra vardenafil 20mg Comprar Cialis Sin Receta Medica Farmacia Blood Pressure Pills Online viagra Define Zithromax Kamagra 100mg Nice Ciprofloxacine Diarrhee cheapest propecia Tadalis Sx Soft Sale Amoxicillin 875mg