№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сенім кілті – сыйластықта

Сенім кілті – сыйластықта


Қазіргі ата-ана баласын, бала анасын алдауға бейім тұратынын жиі байқаймыз. Үйден шығып бара жатқанда балаңызды «Мен қазір дәрігерге барып, укол салдырып келемін» деп алдап кетесіз бе? Айтқаныңызды істету үшін «кәмпит беремін» деп жиі айтасыз ба? Балаңызға осылай өтірік айтуға тура келді ме?


Күнкөріс қамы деп таңның атысы, күннің батысы үй бетін көрмей балаларға уақыт бөлмей, күйбең тірліктің соңында кететін жағдай көп. Балаға уақыт бөлмегеніміз­бен қоймай, өтірікті шындай етіп, баланы алдарқататын айламыз аз емес. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» деген. Ата-ананың осындай салғырттығынан баланың өте таза, кіршіксіз аппақ көңіліне селкеу түсіп жатады. Кез-келген бала анасымен немесе әкесімен дүкенге барғысы келетіні анық. Көпшілігі баланың көңіліне қарап өтірік айтып жатады. Есіңізде болсын, бала сіздің өтірік айтып тұрғаныңызды сезеді. Егер балаға шындықты айтып кетсеңіз, қаншалықты ауыр болса да, шындықты қабылдап үйренеді.
Бастысы, балаға берген уәдең­ізде тұрыңыз. «Ойыншық алып беремін» дедіңіз бе, алып беріңіз. Далада серуендеуге уәде бердіңіз бе, орындаңыз. Сонда бала өс­кенде «тілімді алмайды» деп ша­ғымданбайтын боласыз.
Ал құр сөз, өтірік айту, уәденің орындалмауы баланың алдында сізді абыройыңыздан айырады. Ол үшін авторитет сіз емес, басқа адам­дар болып кетуі мүмкін. Бала ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан әр сөзіңізге, ісіңізге саналы түрде қарағаныңыз жөн.

Динара Қадыр,
№125 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

02 сәуір 2024 ж. 215 0