№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Уақыт – құндылық

Уақыт – құндылық


Рас, уақыт – біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Кез-келген адам, әсіресе, оқушы өзіне тән қызығушылығы болады. Кейде оқу кезінде әр оқушы сабақты әр деңгейде қабылдайды. Сыныпта 30 оқушы болса, бір тақырыпты түсіндіргенде бір-біріне ұқсамайтын, түрлі көзқараспен қабылдап, түсінігін айтып жатады. Сондықтан әр баланың дамуына мән берген дұрыс. Соңғы кездері жас балалардың негізгі уақыттары ойын ойнау, телефондар, гаджеттер, сағат, теледидар, әлеуметтік желілер алып жатады. Осыларды бекерге уақыт өткізу үшін емес уақыттарын пайдалы өткізуге пайдалануға болады. Қазіргі балаларды олардан тию мүмкін емес. Сондықтан әр нәрсеге белгілі бір уақытын белгілеу керек.
Өздеріңізде байқап жүргендей, қазір оқушылардың бос уақыты көп. Жыл басынан бері сабақ онлайн өтіп жатыр. Күн ұзаққа үйде, барып жүрген үйірмелері де қазіргі ахуалға байланысты тоқтатылған. Ұйқыларын қандырып, сабақтан сәл демалып, ойын баласы ойынның қызығын көріп жүр. Әлбетте, таза ауаға шығып, асыр салып ойнаса да жақсы ғой. Бүгінгінің балалары үйден шықпайды, бір бөлмеге кіріп алып, телефон немесе компьютердің алдында тапжылмай отырғаны.
Міне, оқу жылы да аяқталуға жақын, алда ұзақ демалыс жалғасады. Осы орайда ұл-қыздар бос уақыттарын қалай тиімді өткізеді деген сұрақ туындайды. Бірақ, қазір ғаламтордың дамыған заманы ғой. Әр баланың қолында бір-бір смартфон, планшеттен бар. Түртіп қалсаң іздеген дүниенің барлығы шыға келеді. Осы орайда мамандар оқушыларға өздерінің ой-өрісін кеңейтіп кітап оқысын дейді. Бұл – оларға мектептен тыс білім алуға жақсы мүмкіндік.
Оқушылар дене бітімі, зеректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін. Осы себепті дәріске немесе бір тақырыпқа кететін уақыт оқушыға қарай өзгере береді. Әр оқушы уақытты өзіне ыңғайлап тағайындайды.
Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы болады. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қайта қалпына келеді. Сабақ оқу үшін қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Сонымен қатар, әлемдік ғалымдар мына әдісті қолданады. Айталық, кассиль тәсілі – баланы кітапқа қызықтырудың танымал әдісі. Бұл оқи алатын, бірақ кітап оқуға құлқы жоқ балаларға арналған. Кассиль тәсілі бойынша, ата-ана кітапты баламен бірге оқып бастап, қызық жеріне келгенде үй шаруасын сылтауратып баланы жалғыз қалдырып кетуі керек. Кітаптың қызығын көрген бала оны соңына дейін оқып бітіретіні анық. Тағы бір мысал келтіре кетейін, балаға бір жолын, өзіңіз бір жолын оқып та қызықтыруға болады. Мұндайда бала үлкендерге көмектесіп жатқанын, өзінің маңызы бар екенін сезеді. Бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының өз бетімен кітап оқуға үйрету арқылы болашаққа бағдар жол салатыны анық.

Индира ЗҰЛПЫХАРОВА
13 мамыр 2021 ж. 1 428 0