Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңызбен сөйлесіңізші!

Балаңызбен сөйлесіңізші!


Ертеректе апам «Адам өзгерді ме, әлде заман өзгерді ме» деуші еді. Осы сөзді жиі еске алып, көп ойланамын. Өйткені, бір үйде тұрып, бір-бірімен сөйлесуге уақыт таппайтын жандар аз емес. Әсіресе, бауыр еті баласының сұрағына жауап беруге ерініп, қолындағы телефонын ақтарып, өз әлемінде отыратын ата-аналарды жиі көретін болдық. Тіпті, бір дастарқан басында отырса да, әркім өз әлемінде. Содан болар, бүгінгі күннің балалары да беймаз, ашушаң.


Ойланып көріңізші, балаңызбен ойнауға, әзілдесуге, сөйлесуге болады ғой. Олар кішкентай болса да, сіздің балаңыз, сізге туғаннан бастап жауап бере алады. Тілі шықпаса да, іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Ол сіздің дауысыңызды және сіздің сөйлегеніңізді жақсы түсінеді. Бала әлі сізбен сөйлесе алмайды деп ойламаңыз. Өзара қарым-қатынас тілін бала құрсақтан бастап үйренді. Ал, туылғаннан кейін сәбилер күлімсіреу, күлу немесе өздерін жайсыз сезінгенде жылау сияқты мимика арқылы білдіреді. Егер балаңызбен сөйлеспей, оның жанын түсінуге тырыспасаңыз, уақыт өте келе түрлі сұрақтарға жауап таппай, соңында келеңсіз жағдайға тап болуы мүмкін ғой.
Айталық, әрбір ата-ананың өмірінде ерте ме, кеш пе, баласының өтірік айтқанын байқап қалатын кезең болады. Сонда сіз ішіңізден «Маған өтірік айтуға қалай дәті барды? Мен оған сеніп едім ғой, тек жақсы әдеттерге үйреттім, ол менің сенімімді аяқасты етті, көңілімді қалдырды…», - деп қынжылуыңыз бек мүмкін. Ондай да, бірден айғайға басып, балаға ұрсудың, баладан шындықты есту үшін тергеуге алудың еш қажеті жоқ. Баланың өтірік айтқанына ашу шақыру арқылы тек оның жазаланбау үшін әрі қарай да өтірік айту және айла-шарғы жасап жалтаруға итермелейсіз.
Сондай-ақ, қазіргі балалар өте ашушаң. Сәл нәрсеге айқайлап, айналасындағыларды ұрып-соғып жатады. Есіңізде болсын, бала ашу шақырғанда ұруға мүлдем болмайды. Өйткені, сіз ұрған жаман дейсіз де, ал өзіңіз оны ұрасыз. Мұндай кезде балалардың көңілін басқа іспен, мысалы, сурет салумен, жабыстырумен аулау, сүйікті ойыншығын ұсыну, оларға кітап оқу пайдалы болады. Оған қоса, туындаған мәселені тап сол жерде емес, кейіннен түсіндіру де өте ұтымды жол. Қызбалығы басылған соң, балалармен бірге отырыңыз, оларға бар мейіріміңізбен қол созыңыз, қатты қысып құшақтаңыз. Әрқайсысына жазғырмай және ашуланбай қараңыз – оларды қорқытудың еш қажеті жоқ. Ең бастысы, біз болашағымызды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпайық, ата-аналар. Кез келген бала үшін өзін біреудің, әсіресе ата-анасының жақсы көретінін сезіну маңызды. Мұнымен қатар, ата-ана тарапынан берілетін махаббаттың бала болашағы үшін орны ерекше. Себебі, махаббаттың не екенін сезініп, біліп өскен бала ғана өзгелерді осы сезімге бөлейді. Қыз бала болсын, ұл бала болсын ата-анасына еркелегісі келеді.
Бұл заңдылық.

Ұлжалғас ЗҰЛПЫХАРОВА
26 мамыр 2021 ж. 499 0