№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаға өтірік айтпа!

Балаға өтірік айтпа!

Ата-ана баласын, баланың анасын алдап үйден шығып бара жатқанын көретін болдық. Үйден шығып бара жатқанда балаңызды «Мен қазір дәрігерге барып, укол салдырып келемін» деп алдап кетесіз ғой. Айтқаныңызды істету үшін «кәмпит беремін» деп, жиі айтасыз ба? Жоқ демеңізші, балаңызға осылай өтірік айттыңыз ғой.

Иә, сол баланың қамымен таңның атысы, күннің батысына дейін, тіпті күндіз-түні үйдің бетін көрмей жұмыс жасайтындар балаларына уақыт бөлмей, күйбең тірліктің соңында кетеді. Балаға уақыт бөлмегенімен қоймай, өтірікті шындай етіп, баланы өз өтірігіне сендіргісі келіп түрлі айлаға барады. Мысалы, балаңыздың «Қайда барасың?», «Қайдан келе жатырсың?» деген сауалдарына орынсыз жауап қатып, баланы алдай салады. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» деген. Баланың өте таза, кіршіксіз аппақ көңіліне, кейбір ата-аналардың салғырттығынан селкеу түсіп жатады. Ендеше, мұқият тыңдаңыз, болашақта балаңыз сізге деген сенімін жоғалтты деп есептей беріңіз. Кез-келген бала анасымен немесе әкесімен дүкенге барғысы келетіні анық. Көпшілігі баланың көңіліне қарап өтіріп айтып жатады. Есіңізде болсын, бала сіздің өтірік айтып тұрғаныңызды сезеді. Егер балаға шындықты айтып кетсеңіз, қаншалықты ауыр болса да, шындықты қабылдап үйренеді.
Берген уәдеңізде тұрыңыз. «Ойыншық алып беремін» дедіңіз бе, алып беріңіз. Далада серуендеуге уәде бердіңіз бе, орындаңыз. Сонда бала өскенде «тілімді алмайды» деп шағымданбайтын боласыз.
Ал құр сөз, өтірік айту, уәденің орындалмауы баланың алдында сізді абыройыңыздан айырады. Ол үшін авторитет сіз емес, басқа адамдар болып кетуі мүмкін.
Бала ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Мейлі, ол нәресте болсын ата-анасымен тығыз эмоционалды байланыста болады. Бала сіздің әрбір іс-әрекетіңізді, эмоцияңызды өзіне сіңіріп алады. Сондықтан әр сөзіңізге, ісіңізге саналы түрде қарағаныңыз жөн. Баланың алдында өзіңіз өтірік айтудан сақ болғаныңыз жөн. Бала ата-ананың айтқанын емес, күнделікті көзімен көрген қылықтарын өз тәжірибесінде қайталайтынын естен шығармаңыз. Кішкентай бала өзін алдағанды тез ұғынады. Сондықтан ата-ана өздерінің күнделікті өмірде көп өтірік айтатынын, соның бәрі балаға әсер ететінін ұққаны дұрыс-ау.
Гауһар ӘБДІРАМАНОВА

08 наурыз 2021 ж. 657 0