№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР: ҚАШАН, ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР: ҚАШАН, ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?


«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында баспасөз өкілдерімен брифинг өтті. Онда зейнетақы заңына 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап енгізілген өзгерістер жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Әлия Аблаева саладағы жаңалықтармен бөлісті.
Нақтылап айтқанда, базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді.
2018 жылғы - шілдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (58-63/63 жаста) және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.
Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1-қаңтардан кейінгі (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынады.
Бұған қоса, басқа әлеуметтік маңызы бар кезеңдер – үш жасқа дейінгі балаға күтім жасау, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған, әскери қызметшілердің, әлеуетті құрылымдар қызметшілердің жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде, бірақ 10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдері және «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдеріде қосылады.
Бұл ретте, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады, ал, 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады.
Бұндай тәсіл, әлеуметтік әділдікті орнатады – адам көп жыл жұмыс жасаған сайын, оның зейнетақысы да жоғары болады. Бұл барлық зейнеткерлерге, яғни қазіргі зейнеткерлерге және келешектегі зейнеткерлерге де қолданылатын болады.
Осылайша, базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күні азаматтар алып отырған зейнетақының мөлшерінен төмен болмайды.
Мәселен, бір азаматшаның 1998 жылғы 1-қаңтарға дейінгі еңбек өтілі 13 жыл болса, қазір 10 жасқа толған мүгедек баласының күтіміне байланысты 9 жыл үйде отыр. Базалық зейнетақының мөлшері қандай болады? Зейнетақы қорына аударымдары жоқ дейік.
– 2018 жылғы 1-шілдеден бастап заңнамада базалық зейнетақыны тағайындаған кезде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау кезеңі де есепке алынатын норма көзделген. Осыған байланысты, базалық зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін (13 жыл) еңбек өтілі және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау уақыты да (9 жыл) есепке алынады, – деді Әлия Әуелбекқызы.
Осылайша, жалпы еңбек өтілі 22 жылды құрайды, яғни базалық зейнетақы мөлшері 28284 тенге ең төменгі күнкөріс денгейінің 78 пайыз, яғни, 22 062 теңгені құрайтын болады.
– Көпбалалы анамын, 5 баласы бар, жұмыс істемеген. Базалық зейнетақы тағайындалады ма?
– Базалық зейнетақы еңбек өтілі болмаған жағдайда да тағайындалады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істемейтін балалы әйелдердің бала күтімінің уақыты, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады.
Бұл жағдайда еңбек өтілі 12 жылды құрайды және базалық зейнетақы 28284 тенге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58 пайызын мөлшерде тағайындалатын болады.
– Әскери адамның жұбайы болғандықтан үнемі көшіп жүріп, жұмыс істемеген. Базалық зейнетақы тағайындалған кезде бұл кезеңдер есепке алына ма?
– 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау кезде әскери қызметшілердің жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері есепке алынады деп көзделген.
Осылайша, жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған кезеңді растайтын құжат ұсынған жағдайда, базалық зейнетақыны тағайындау кезінде көрсетілген кезеңдер есепке алынатын болады.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
31 наурыз 2018 ж. 1 720 1

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 16:28
Amoxicillin Acid Prednisone To Buy generic viagra Offres De Dapoxetine Kamagra Fast Shipping Levitra Funziona Bene