Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ


Елбасы жыл сайынғы Жолдауында білім саласы, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерде үш тұғырлы білім беру, жаңа технология бойынша оқытуды енгізуді айрықша атап келеді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай балабақшаларда балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу керектігін нақтылады. Яғни, жаңа жүйенің артықшылығын айқындап берді.
Мемлекет басшысының міндетті тапсырмаларын орындауда аудандағы балабақшалар өз деңгейінде атқарып келеді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі бөбекжайлардың талпынысы қуантады. Білім стандарты, жаңа технологиялармен толығып жатыр. 2011 жылы іргетасы қаланған Қосүйеңкі ауылындағы тұңғыш «Балбұлақ» мемлекеттік бөбекжайы да осы тұрғыда алға адымдауда.
Тәжірибе алмасу мақсатында білім бөлімінің кестесіне сай жақында тау беткейіндегі 13 ауылдың балабақшаларының тәрбиешілері «Балбұлақта» бас қосатын болады. Сол аймақтық семинарға дайындық үстінде жүрген бөбекжай меңгерушісімен сұхбат жасадық. Гүлбағила Нағашыбекқызы балабақша ашылғалы бірге тыныстап келе жатқан қызметкер. Алғашқыда әдіскер болып еңбек жолын бастайды. Бірнеше жылдан кейін біліктілігімен, білімділігінің арқасында меңгеруші қызметіне кіріседі.
– Перзент сүйіп, оған дұрыс тәлім-тәрбие беру әрбір ата-анаға парыз. Дегенмен, қазақы болмыста білім ошағына дейін балғынның әріп танып, санай білгені жөн. Сондықтан, қандай әке-шеше болмасын баласының балабақшада тәрбиеленгенін қалайды. Алайда, ауылда жалғыз балалар орталығы бар. Онда 3-5 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленеді, – деді Гүлбағила Сейденбекова.
Бүгінде екі тәрбиеші мен бір бала күтуші қызмет ететін бөбекжайда баланың заманауи білім алуына, салауатты өмір салтын ұстауына жағдай жасалған. Тәрбие атаулының ең құдыреттісі өнер болса, сол асыл өнердің өрісі ән-күй үйірмесі жұмыс жасайды. Спорт алаңы да бар.
– Бүлдіршіндерін жетелеп келіп, аялы алақанға тапсырып кететін ата-ана сенімін ақтау тәрбиешілерге жүктелген ең үлкен міндет. Сондықтан, қандай тәрбиеші болмасын табанынан тік тұрып, періште жүректің кіршіксіз көңілінен шығып, қазақы тәлім беруді мақсат тұтуы керек. Қос тәрбиешіміз Айсұлу Жадикова мен Рауан Қалманова осы үдеден шығып келеді. Бірақ, ғимараттың тарлығы, тәрбиешілердің әдістемелік және түрлі мерекелік шараларды жоғары деңгейде өткізуіне қиындық туғызатынын жасырмаймыз, – деді мекеме әдіскері Майра Искакова.
Жалпы, 935 тұрғыны бар ауылдағы балабақша ғимараты кеңейіп, үш топта бала тәрбиеленсе, – дейді қосүйеңкілік ағайындар.
– «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген халық даналығы бар. Әрине, қазіргі заманның талабы білімнің тереңдетіп оқытылуында. Сондықтан, кез-келген тұрғын баласын балабақшада тәрбиеленгенін қалайды. Ал, мұндағы тәлім-тәрбие мазмұнды әрі сапалы. Көңіліміз толады, – деді Пернегүл апа.
Түйіндей айтқанда, тәрбие мен білімнің қайнары саналатын бөбекжайдың бүгінгі тынысы осындай. Сондықтан, білім баспалдағы балабақшадан басталатынын ескерсек, онда мұндай жағдайға бей-жәй қарауға болмас сірә!

Әлібек ТЕМІРБЕК.
16 қаңтар 2018 ж. 2 257 0