Туған өлкенің тұмары
Тұтас тарихты жеке тұлғалар жасайды. Тұлға дегенде көз алдымызға кім елестейді? Қазақтың қараша үйінің керегесін күзетіп, кіл тәрбиелі ұл-қыздар тәрбиелеп өсіріп, тоқсан бес жыл ғұмырында тәубекерлігінен танбай, тірмізік таалабын таяныш етіп өткен қарапайым ғана еңбек адамы – Тұмар Төреқызын осындай тұлғалардың қа¬тарына қоссақ келісесіз бе, келіспейсіз бе?
Ә, осындайда еске түседі, Тәуелсіздік таңы атқанда осы Тұмар апаның жасы жетпіске барып қалған. Қазақта «Би бол, би болмасаң да би түсетін үй бол» деген мақал бар. Жасынан түйе сауып, Қаратаудың қолтығында қоңыр тіршіліктің отын маздатып, небір ожар мінезді ойсылқараның оябын тауып, омырауын идірген бал бармақты бәден¬ді апаның екінші қыры, өзі қолмен ою¬лап әшекейлеген алты қанат ақ орда¬сын қазақ тұрмысының жарқыраған символындай сырттан келген сыйлы қонақтар түсетін құтты орынға ай¬налдыра алғаны. Құтты шаңырақтың қадірі ел есін жинап, егемендігін алған жылдары барынша артып, Ұлытау асып барып қайтқаны жөнінде апаның жазбасынан оқып, таңырқап отырмын.
Жазба демекші, ол кісінің соңында сексен жасынан бастап қолтаңбасын түзіп, қолтығынан тастамай алып жүр¬ген қойындәптері қалыпты. Оны маған Тұмар апаның қарашаңырағындағы ұлы Мұсабеков Қалмұрат әкеп тапсырды.
Қалмұрат Мұсабекұлының есімі ау¬¬дан халқына жақсы таныс. Еңбек жолын 1976 жылы Бірлік кеңшарында жұмысшылықтан бастаған. 1978 жылдың қаңтар айынан бастап кеңшардың түйесін қабылдап, 1979 жылы отбасылық «Ақбота» комсомол жастар бригада¬сын құрып, соның жетекшісі болды. Мал басын аман сақтауда, түйе санын төл етебінен көбейтуде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 1989 жылы республикада алғаш түйе өсірушілер арасында «Ақбота» жастар бригадасы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лау¬реаты атағын жеңіп алды.
Қалмұрат ағамыз 1980-1990 жыл¬дары облыстық, аудандық, партия, комсо¬мол комитетінің мүшесі, 4 шақы¬рылым бойынша аудандық Кеңестің депутаты болды. Бірнеше рет аудан¬дық, об¬лыстық жарыстардың чемпионы атанды. 1990 жылы №131 Жаңақор¬ған сайлау округінен Қазақ ССР Ха¬лық депутаттығына кандидат болып тіркелгені де есімізде.
Бұл кісіні бұдан да бұрын біздің га¬зетпен етене жақындастырып тұрған бір себеп – ол «Коммунизм жолы» кезінен газеттің штаттан тыс тілшісі. Менмін деп жүрген тілшілердің жазбасын шимайлап түзетіп жатқанда бұл кісінің жазбасы мұрты бұзылмаған күйі өндіріске кетіп бара жататын жазғыштығының сыры енді түсінікті болды. Сөйтсек, жазу-сызудың киесі ананың ақ сүтінен дарып, дәптерін қонышына салып маң далаға сыймай жүретіні содан екен ғой.
Сексен жасынан бастап алғысөзін ақ қағазға түсіріп, өмірден өткенще өзімен алып жүрген Тұмар Төреқызының қоңыр дәптерін парақтап отырмын.
Тұмар апа жазбасын былай бастапты:
«Сексен төрт жастағы апаларыңның қолтаңбасын ашып оқығанда бұл әңгімені апам не үшін жазған дерсіңдер. Мұның бәрі есте қалған хикая. Тарихты білгің келсе көпті көрген қарттан сұра деген» деп бастайды да ары қарай өз өмір жолы өрнектеліпті.
Тұмар апа 1922 жылы туылған екен. Отыз үшінші жылдары әкелеріне көп әйел алған, би болыстың тұқымы деген айып тағылып, Ташкентке бой тасалауға мәжбүр болған. Бұларды жалғыз бағып-қаққан шешелері отыз сегізінші жылы көз жұмып, ағасы Елеусіз он жетіде, бұл он төртте, бауыры Бейбіт алты жаста жетім қалып, жамағайынның қолында өсіпті. Соғыс басталғанде елде қалған өңкей жас жеткіншек колхоз жұмысына жегілген. Ол кезде Ынтымақ, Қосүйеңкі, Талдысу бір колхозға бірігіп, үш ауылдың баласы Қоянбайдың бұлағының басында шағын мектепте оқығанын жазады. Жатын интернат сынды қыз-балаға бөлек бөлме соғылып, бір жерден ас-ауқат ішіп, күндіз оқып, түс ауа колхоздың шаруасын атқарса да түн баласы бір-бірімен айтысатын өрендердің өлеңіне қараңыз:
«Майда кетті, майда беттен кекілік сайрап өтті.
Көже піссе сыймайды тостақ алып,
Ынтымақтың балдары қайда кетті?» Айтыс аяғы тына бергенде мына жақтан тағы бір талапкер тақылдай жөнеледі дейді:
«Ленин деген қырағы дейді,
Ай астында тұрады дейді.
Бар жалшының бақыт шамы,
Қолға ұстаған шырағы дейді».
Отыз шақты бала Талдысуда төрт¬жылдықты бітірген соң осы жеті¬жылдық мектепте комсомолға өтіпті. Қыз-жігіт болып бір-біріне хат жазысқан кездерін де ұмытпай хатқа түсірген апа ел басына күн туған соғыс зардабын былай суреттейді:
«Туды зұлмат 41-жылдары,
Келіп жатты қатаң соғыс ызғары.
Елден жиып кіл боздақты әкетіп,
Жылап қалды артта ұл мен қыздары».
Соғыс соңына таянған кездегі өз хал-күйін былай деп толғайды:
«Он тоғызымда келдім егде кісіге,
Неде болса бір Алланың ісі де.
Көндім үнсіз жазғанына маңдайға,
Өкінбедім көппен көрген ісіме».
Соғыстың басқа салған тақсыретіне не шара, елде жүрген, бірге ойнап күлген қатарластың көбі қан майданнан оралған жоқ. Ағайынның қолқасымен өзінен екі мүшел үлкен кісіге тұрмысқа ұзатылғанда ол үйде де жанары жәу¬діреп жетім қалған үш балапан күтіп алғанын да қайран апа қара өлеңмен жеткізіпті.
Тұмар апаның өз өмір жолын өлеңмен түзген жыр жолдарына зейінмен зер салсаңыз бүкіл тағдыр тауқыметін қияпат қайсарлықпен жеңген қайсар қазақ әйелінің бейнесі көз алдыңызға кеп тұра қалады.
Атажұртының мұрасы, жастық ша¬ғының куәсі – Талдысуға арнаған өлеңінде:
«Талдысу қасиетті жерің мықты,
Жайлау қып «Бозқайың»
мен !Шымылдықты»
Бұл жерден қаншама ер қатар тұрып,
Еңбекте герой болып аты шықты.
«Тұрлығұл» суың тұнық,
мұздай бұлақ,
Айналаң малға өріс жасыл құрақ.
Қой қоздап, бота боздап жататұғын,
Тоймаушы ек қызығыңа
қанша қарап».
Жаныңда қасиетті «Күрілдеуік»
Көргендер тамашалар суын көріп.
Шопан боп, диқан болып кәсіп қылып,
Талдысу колхозы боп дүрілдедік.
Қос өркеш бір-біріне тұрған қарап,
Бұлғақтайды сәмбілер шашын тарап.
Осы менің кіндік кескен жерім деймін,
Арман не, қоса білсем жырға жарап».
Мұсабек пен Тұмар ападан өрген ұл-қыздары – Күнипа, Әнипа, Тілеуқа¬был, Несіпкүл, Қалмырза, Қалмұрат, Әжі¬мұрат, Ермұрат, барлығы да ха¬лық шаруашылығының сан саласында адал еңбек еткен жандар. Тұмар апа қарашаңырағындағы ұлы Қалмұрат пен Салиханың қолында солардың ша-руасына болысып, олар құрған «Ақбота» отбасылық түйе өсірушілер бригадасының бас қолбасшысы болды деуге болады. Келіні мен қыздарына дертке шипа, емге дауа түйе сүті-қымыранды дайындау тәсілін үйретіп, белі бүгілгенше берекелі кәсіптің белтемірі болудан жазбаған апаның жігері кеще өзі көзі тіріде көпті таң қалдырғаны рас. Елге келген қадірлі меймандарды ақ пейілімен күтіп алатын апаның ақжайлау алтықанатты үйі ұлы даланы шарлап қайтқаны да хатқа таңбаланып қалыпты. Шежірелі кеуде бұл жөнінде былай тебіренеді:
«Киелі Талдысудың жағасында,
Жасым сонда жетпіс бес шамасында.
Үндінің елшілігін күтіп алдық,
Шаухаманов солардың арасында.
Үй тіктім Ордабасы даласында,
Жасым сонда сексендер шамасында.
Үш хандықтың бас қосқан
жүзін көрдім,
Көңілім тасып жақсылар арасында.
Үй тігіп одан әрмен Қорқыт бардым,
Қолымнан келген өнер
барын салдым.
Таң қалдырып шетелдік кәрі-жасты,
Бір жүріп олармен де араластым.
Тоқсан жас қайдан келдің
маған жетіп,
Түйсінтіп қалатынын қадір кетіп.
Аузыңды бағып әркім қақпайлайды,
Шетінен білгіш бәрі тілге жетік.
Жанарым шел қаптаған шала болдым,
Есі жоқ, жас нәресте, бала болдым.
Аңдаусызз қимылдасам ойбай деймін,
Тоқсан жас, саған жүдә нала олдым.
Біреуге берем десең бере алмайсың,
Көңілің сайрап тұрғанмен
көре алмайсың.
Жаутаңдап жаңа түскен келіндей боп,
Жан-жаққа жас баладай алаңдайсың
Ыза кернеп, көзден жас жосылады,
Балаң да келіндерге қосылады.
Көрдік қой неше қилы замандарды,
Жазғаны пешенеге осы дағы
Шүкір ғой бір Алланың салғанына,
Кім жеткен ойда барлық арманына.
Маңайға мыңға жуық тал егіппін,
Қалсын деп мұра болып аоттағыға.
Бұны жазған ел-жұртым-ау Тұмарың,
Жаным қалар жақсы сөздің сыңарын.
Көзді ашып-жұмғандай-ақ бұл дүние,
Ұрпағымның амандығын сұрадым».
ТҮЙІН: Ананың ақ тілеуі осылай түйінделіпті.
Қойын дәптердегі қара сөзбен тізіп жазған естеліктері, елуге жуық өлеңдері, соңында қалған ұрпаққа ұмытылмас ұлағат. Оның барлығын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Бірақ ғасыр жасаған қазақ әйелінің жаңа толқынға қалдырған тұмарындай тұп-тұнық естелігін там-тұмдап болса да әлеуметке жеткізуді парыз тұттық.
Ә, осындайда еске түседі, Тәуелсіздік таңы атқанда осы Тұмар апаның жасы жетпіске барып қалған. Қазақта «Би бол, би болмасаң да би түсетін үй бол» деген мақал бар. Жасынан түйе сауып, Қаратаудың қолтығында қоңыр тіршіліктің отын маздатып, небір ожар мінезді ойсылқараның оябын тауып, омырауын идірген бал бармақты бәден¬ді апаның екінші қыры, өзі қолмен ою¬лап әшекейлеген алты қанат ақ орда¬сын қазақ тұрмысының жарқыраған символындай сырттан келген сыйлы қонақтар түсетін құтты орынға ай¬налдыра алғаны. Құтты шаңырақтың қадірі ел есін жинап, егемендігін алған жылдары барынша артып, Ұлытау асып барып қайтқаны жөнінде апаның жазбасынан оқып, таңырқап отырмын.
«Сексен төрт жастағы апаларыңның қолтаңбасын ашып оқығанда бұл әңгімені апам не үшін жазған дерсіңдер. Мұның бәрі есте қалған хикая. Тарихты білгің келсе көпті көрген қарттан сұра деген» деп бастайды да ары қарай өз өмір жолы өрнектеліпті.
«Майда кетті, майда беттен кекілік сайрап өтті.
Көже піссе сыймайды тостақ алып,
Ынтымақтың балдары қайда кетті?» Айтыс аяғы тына бергенде мына жақтан тағы бір талапкер тақылдай жөнеледі дейді:
«Ленин деген қырағы дейді,
Ай астында тұрады дейді.
Бар жалшының бақыт шамы,
Қолға ұстаған шырағы дейді».
«Туды зұлмат 41-жылдары,
Келіп жатты қатаң соғыс ызғары.
Елден жиып кіл боздақты әкетіп,
Жылап қалды артта ұл мен қыздары».
Соғыс соңына таянған кездегі өз хал-күйін былай деп толғайды:
«Он тоғызымда келдім егде кісіге,
Неде болса бір Алланың ісі де.
Көндім үнсіз жазғанына маңдайға,
Өкінбедім көппен көрген ісіме».
«Талдысу қасиетті жерің мықты,
Жайлау қып «Бозқайың»
мен !Шымылдықты»
Бұл жерден қаншама ер қатар тұрып,
Еңбекте герой болып аты шықты.
«Тұрлығұл» суың тұнық,
мұздай бұлақ,
Айналаң малға өріс жасыл құрақ.
Қой қоздап, бота боздап жататұғын,
Тоймаушы ек қызығыңа
қанша қарап».
Жаныңда қасиетті «Күрілдеуік»
Көргендер тамашалар суын көріп.
Шопан боп, диқан болып кәсіп қылып,
Талдысу колхозы боп дүрілдедік.
Қос өркеш бір-біріне тұрған қарап,
Бұлғақтайды сәмбілер шашын тарап.
Осы менің кіндік кескен жерім деймін,
Арман не, қоса білсем жырға жарап».
«Киелі Талдысудың жағасында,
Жасым сонда жетпіс бес шамасында.
Үндінің елшілігін күтіп алдық,
Шаухаманов солардың арасында.
Үй тіктім Ордабасы даласында,
Жасым сонда сексендер шамасында.
Үш хандықтың бас қосқан
жүзін көрдім,
Көңілім тасып жақсылар арасында.
Үй тігіп одан әрмен Қорқыт бардым,
Қолымнан келген өнер
барын салдым.
Таң қалдырып шетелдік кәрі-жасты,
Бір жүріп олармен де араластым.
Тоқсан жас қайдан келдің
маған жетіп,
Түйсінтіп қалатынын қадір кетіп.
Аузыңды бағып әркім қақпайлайды,
Шетінен білгіш бәрі тілге жетік.
Жанарым шел қаптаған шала болдым,
Есі жоқ, жас нәресте, бала болдым.
Аңдаусызз қимылдасам ойбай деймін,
Тоқсан жас, саған жүдә нала олдым.
Біреуге берем десең бере алмайсың,
Көңілің сайрап тұрғанмен
көре алмайсың.
Жаутаңдап жаңа түскен келіндей боп,
Жан-жаққа жас баладай алаңдайсың
Ыза кернеп, көзден жас жосылады,
Балаң да келіндерге қосылады.
Көрдік қой неше қилы замандарды,
Жазғаны пешенеге осы дағы
Шүкір ғой бір Алланың салғанына,
Кім жеткен ойда барлық арманына.
Маңайға мыңға жуық тал егіппін,
Қалсын деп мұра болып аоттағыға.
Бұны жазған ел-жұртым-ау Тұмарың,
Жаным қалар жақсы сөздің сыңарын.
Көзді ашып-жұмғандай-ақ бұл дүние,
Ұрпағымның амандығын сұрадым».
Қойын дәптердегі қара сөзбен тізіп жазған естеліктері, елуге жуық өлеңдері, соңында қалған ұрпаққа ұмытылмас ұлағат. Оның барлығын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Бірақ ғасыр жасаған қазақ әйелінің жаңа толқынға қалдырған тұмарындай тұп-тұнық естелігін там-тұмдап болса да әлеуметке жеткізуді парыз тұттық.
Баян ҮСЕЙІНОВА,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі