№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Хош, жақсы апа!


Қазақ радиосының алтын қорына Жақсыгүл апайдың аудандық өнер мектебінің өрендері: Мұса Жанель, Таспулатов Азизбек, Жамур Дінмұхамедтің орындауындағы “Батыр бала” “Ұлы Отаным” , “Алақай” деген әндері халықтың ең жоғары дауыстарын жинау арқылы таңдалып алынған еді.


Кеше ғана мына суретті көріп, Жақсыгүл апаны еске алған едім. Әкімдікте өткен мерекелік іс-шарада түсірген едім бұл суретті. Соңғы түсірген сурет осы екен-ау. Оны қайдан білдім?!
Иә, Жақсы апам мәңгілік мекеніне аттаныпты.
Үнемі көңілді жүруші еді.
Сезімтал, іске сергек еді.
Жаңақорған ауданында биші­лік өнердің қалыптасуында өзін­дік орны бар. Композиторлық қыры бір төбе.
Журналистік қабілетімен де танылды.
Жаңақорған ауданының Құр­метті азаматы және ардагері, 75-ке тарта ән-күйдің авторы, бірнеше облыстық конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, әнші, биші, ақын, «Еңбек ар­дагері», «Ұлт мақтанышы», сон­дай-ақ ҚР Президенті мен Мәде­ниет Министрінің «Ал­ғыс хаты» иегері, «Абырой» авторлық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, аудандық «Әжелер» ансамблінің жетекшісі, аяулы ана­мыз – Жақсыгүл апаның есімі тек Жаңақорған халқы ғана емес, республикаға жете танымал.
Жиырма жасынан бастап ауданның өнері мен мәдениетіне еңбек сіңіріп келген апамыз Сунақата ауылдық кеңесінің тө­ра­ғасы, аудандық киноландыру жүйесі мекемесі директоры бо­лып қызмет атқарды. Зейнетке шықса да ұрпақ тәрбиесінен қол үзбеген ұлт жанашыры кеше, көзі жұмылғанға дейін өнер саласында тер төкті.
Жақсыгүл апа «жақсы адам» ретінде елге сыйлы болып, жан-жағына жылы сөз айтып, жылылық дарытып жүретін. Енді ол кісі жайлы өткен шақта сөз саптайтын болдық...
Елге сыйлы, жұртқа жайлы болған Жақсы апаның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

20 қазан 2021 ж. 587 0