№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Ат қосам дейді бәйгеге»

«Ат қосам дейді бәйгеге»


Қазақтың төл өнері күй жайында айтқан кезде ең бірінші Құрманқазы Сағырбаевтың есімі тілге оралады. Дәулескер күйшінің 200 жылдық мерекесіне арналған күйшілер сайысы Қаратаудың етегінде өрбіді. Ерекше жанрды жаңғыртып, қазақ классиктерінің туындыларын насихаттаған жандар аз болмады. Үкілі домбырасына Құманқазы сағырбаевтың қоңыр күйін қосқан 30 түлектің перне басуы мен домбыра қағысы бөлек болды. Жергілікті сазгер Бәден Айсынов төрелік еткен  қазылар мүшесінде Құлақмет Нәлтаев пен Нұғман Ержанов болды.

Күй құдіретін сезініп, қолына домбыра ұстай келген 30-ға жуық өнерпаздар әуелетіп, Құрманқазы Сағырбаевтың танымал туындыларын орындады. Оның ішінде «Адай», «Кішкентай», «Кісен ашқан», «Ақсақ киік», «Қайран шешем» және тағы басқа күйлері күмбірледі. Күйдің тылсым құдіреті ме, әлде тынымсыз ізденістің нәтижесі ме, топқа түскен күйшілердің делебесі қозып, маңдайдан тер сорғалады. Сайыс соңында топ жарған Сері Әлмахан үздік өнер көрсеткені үшін  бірінші орын  иеленді.Жібектей нәзік мінезі мен таланты жарасым тапқан Жәнібек Назеркені екінші орынға лайық көрді.  Болашақтан үміт күттіретін дарынды жас Бакиров Фархат III-орынды қанжығаға байлады.
20 сәуір 2018 ж. 1 589 0