Саңлақ сыншы һәм суреткер
Бақыт ағам қарымды қаламгерлігімен қоса қырағы сын сақшысы дер едім. Әрине, әдебиет түзелмей, әлеумет түзелмейді.
Ол – рас, көркем әдебиет көркем дүниеге жетелейді. Үлкен тәрбие құралы саналады. Осы орайда ойы – ұшқыр, қаламы – жүйрік, талантты көсемсөзші ретінде ағамның арғы-бергі атқарған ісін, естелігін қағазға түсірген болдым. Бұл саңлақ сыншыға, ірі суреткерге деген үлкен құрметім.
Мінезі мамыражай мамыр айындай марайма ағамыздың қой аузынан шөп алмайтын жаратылысы журналшы қауымға жақсы таныс. Ал, ауылда отырған ағайын оны қаншалықты біледі? Біздің білуімізше, Бақыт Тұрсынұлының балалық шағы таудың етегінде, Жаңақорғанның Жайылмасының кең жазығында өтті. Ол тіршілікте таршылық көрген кісі емес, атасы Сарбала Сыр өңіріне белгілі би болған. Би әділ билігінен бөлек, жұрттан жақсылығын аямаған мәрт кісі болған деседі. Ашаршылық заманында дүние салыпты, алайда ағайын-жұрт оның баласы Тұрсынды да «би» атап кеткен. Бұл – жақсының жолы өшпесін, даңқынан дақ түспесін дегені болар. Әкесі Тұрсын ұжымшар төрағасы, тұрмыс қажетін өтеу комбинатының директоры болған заманының зиялы адамы, көреген кісі келбетінде танылған тұлға.
Бақыт ағаның тегі осылай тарқатылады, тектіліктің тұнығы қанында бар қасиет екенін қанықтырып тұрады.
Айтпақшы, мамыр дегеннен шығады, Бақыт ағаның өзі де сол мамыр айында туған, биыл мерейлі 75 жасқа толды. Сұңғақ бойлы, сұңғыла ойлы және қасиет пен қабілетті қатар берген қазақтың бар болғыр бір баласы (әлі шал-шауқанға жатқызғым келмейді). Болмысына терең бойласаңыз, уызға жарыған тойған қозыдай момақан, аяғыш, жанашыр, тіпті бөгде тіршілік атаулыға тосыннан тиісе кетуге жоқ адам. Қарапайымдылығы сондай, біреуге салмақ салу, кісілігін арту, үлкендігін пайдалану атымен болған емес. Алматыдан шығып, поездан Қызылордадан немесе Жаңақорғаннан түскенде алдынан әлдебір көлік күтіп тұрғанын көрмеппін, өзі де ондай қолпаштауды сүймейтін болар, жолжөнекей іліккеніне ілесіп кете береді. Міне, Бақыт ағамның жан дүниесі осындай кең жүрек қой.
Мен Бақыт ағаммен қалай достастым, қалай сыйластым, таныстығымыз қалай аға-іні қарым-қатынасына ұласты?
Әу баста арқалы ақын, тілеулес ағам Шәкизада Әбдікәрімовтың сілтеуімен сырттай таныс болдым.
– Жақсы досым, рухани ағам, қарымды қаламгер, адамгершілік, рахым, мейірім иесі, – деді ол қысқа ғана.
Шынында, айтса айтқандай, шынайы адам. Атақ-даңққа әуестігі жоқ екен, ал, әдебиет теориясы мен шығармашылық жағынан келгенде жұмырына қамшы салдырмайтын, қаламы жүйрік, ең бастысы, саңлақ сыншы екен. Оны етене таныған соң біле бастадым. Келе-келе туғанымдай бауырмал, сыйластығымыз қыл өтпейтіндей дәрежеге жетті, арада рухани байланыс бекіп, көңіл жықпас кемелге келдік.
Бірде Қызылордаға аялдап, арнайы маған соқты. Менің облыс әкімінің орынбасары кезім. Алыстан ат арылтып аға келгенде іні ізетсіз бола ма, саңлақ Сарбалаевты ыстық сезіммен құшақ жая қарсы алдым. Уақыттың тарлығына қарамастан жазылып отырып, әңгіме шерттік.
– Руслан, сенің 50 жасқа толуыңа байланысты бір мақала дайындап қойдым. Соны газетке берсем деп едім. Қалай қарайсың?
Бұл сөз сегіз өрім қамшының сойылындай соққы еді. Мұны сырт адам қалай қабылдайтынын білсеңіз. Идеология саласына жетекшілік еткен соң жазушы-журналистке өтініш айтып, өзін насихаттап жүр деген жүйесіз сөз желдей еспей ме? Осы жағы ойлантып тұр...
– Аға, әуре болмаңыз. Ыңғайсыз. Мен үшін осы келгеніңіз жеткілікті. – Мен бекер айттым! – деді.
Тулап кеткен жоқ, сабыр сақтаған күйі байсалды жауап қатты. Сосын барып: – Осыған дейін-ақ жариялап жіберуге болар еді. Бұл «заказ» емес, өз ықыласым ғой. Автор не жазса да өзі шешеді, –деп түйіндеп тоқтады.
– Дұрыс қой, аға. Бірақ көпшілік дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Сол жағынан маған кері әсер туғызады...
– Түсінікті.
Арада екі жыл өтті. Қызметтік ауыстүйіс жүріп, мен Сырдария ауданының әкімі болып ауысқанмын. Бір күні танымал журналист Берік Бейсенұлы ағам хабарласып, «Ана тілі» газетінің 2020 жылғы 23-29 шілде аралығындағы 29-шы санында «Халқымен қуанышқайғысы бір...» деген мақала жарияланғанын айтты. Көзге оттай басылды, газет қолыма тиген бойда сүзіп қарап шықтым. Баяғы өзі айтқан мақала! Иә, сол. Бақыт ағам екі жыл сақтап, сүрлеп алып, газетке берген екен. Кеудесі кең адам ғой, енді уақыты келген шығар деген болар. Бұл жолы реніш болған жоқ, қайта қуандым. Мақала маған қуат берді, рухымды жаныды.
Бақыт ағамның бүкіл өмірбаянын жаттап алғанмын. Жаттайтындай бар, жөні түзу бірдебір марапат алмапты. Алматыдай асқақ қалада тұрып, жазу-сызудың, зиялы қауымның ортасында жүріп, сый-құрметтен шет қалып жүргені жаныма батты. Оның үстіне, Шәкизада ақын досының шығармашылығы жөнінен зор баға беріп, атағын аспандатып қойған. Осыны ойлап, саңлақ сыншының өткені мен бүгінін тағы тарзылап отырмын.
Ол 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастаған. 1970 жылы Алматы облысы Іле ауданында «Ильич жолы» газетінде, кейін «Қазақстан мұғалімі», 1974-1978 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде, 1978- 1982 жж. «Жалын» журналында, 1982-1986 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1990- 1995 жылдары «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «Қазақ елі» газетінің, 2007 жылдан «Сын» әдеби-сын журналының бас редакторы. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төралқасының мүшесі. Әдеби сын кеңесінің төрағасы. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы.
Міне, қысқаша тарихы осы ғана. Айтуға оңай, астары кең. Дұрыс.
...Қожамберді батырдың ұрпағы туған жері Жаңақорғанға көп аса келе бермейді. Батаға, той-қуанышқа болмаса, арнайылап ат басын бұруға ықыласты емес. Біреуге салмақ салып қоямын деген ойы да бар шығар, әйтеуір келген-кеткенін сездіре бермейді. Сонда да болса 2015 жылы осы ауданға алғаш әкім боп келгенімде қаламгерге құрмет көрсетуге бекіндім. Ол – елдің имиджі, Жаңақорған жері Бақыт Сарбалаевпен қатар аталады. Туған жер үшін мұнан артық абырой бола ма?
Бақыт ағамның биігін бағалап, әдебиет әлеміндегі әлеуетін безбендеп, «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» атағын беруді ұйғардық. Мұны мәслихат депутаттары да бірауыздан қолдады. Бұл күн ол үшін де, біз үшін де есті естелікке айналды. Бақыт ағаға деген осындай риясыз көңілім туралы ойларым 2017 жылы «Айқын» газетінде «Інілік ізет» деген тақырыппен жарияланғаны да есімде.
Әрине, әдебиет майданына әсерлі шығармамен кіру әрбір қаламгердің алыстан оратылған асқақ арманы, тың туынды тудыруға талпыну рухани мың түлеумен тең дүние. Ағамыздың ой тереңдігі, қиял ғажабы, сана сергектігі жұмыр бастың жемісін жинады. Сөйтіп, «Қызыл алма» (1981), «Ақиқат алдында» (1986), «Бейімбет Майлин» (1989), «Өткірдің жүзі» (1991), «Ілияс Жансүгіров» (1992), «Нұрлан» (2007), «Жиырма бес» (2008) секілді еңбектерін оқырманға ұсынды. Көпшілік көңілінен шыққан кітаптары Мемлекеттік сыйлыққа да бара-бар еді, алайда атаққа арбалмайтын ақ пейілі мың марапаттан да мәртебелі болатын. Десек те, 1994 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанғанын айтқаным ләзім.
Ұмытпасам, 2017 жылы жазушының жетпіске толған мерейтойы Алматыда аталып өтетін болып шешіледі. Мерейтой мезіреті ретінде тосын сый жасағысы келетін үрдіс бұрыннан бар. Естуімше, үш кітабы дайын деген бізге сөз жетті. Бірақ қаржы тапшылығы қол байлау болып тұрғаны білінді. Байқаймын, маңызды мерейтойға Сырдың сыйы мен сыйластығы жетпей жатыр. Осыны ойлап, сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қабылдауына кіріп, мәселені егжей-тегжейлі жеткіздім. Бұған аймақ басшысы бірден келісімін беріп, қаржылай қолдау жасады. Осылай қаламгер қиялынан туған «Көккесене» кітабы жарыққа шықты. Бұл жерде бір туыстық емес, бірге ту ұстарлық ұстанымның ұпайы артты. Енді қараңыз, аймақ басшысы –Аралдан, Шәкизада ағам мен өзім Қармақшыдан, өзі Жаңақорғаннан, баспагер Бақыт Ойса Жалағаштан, тұтастай татулықтың тізгіні секілді. Ал, Көккесене болса – қазақ үшін қасиетті орын, Алпамыс батырдың, Баршын арудың киесін көтеріп тұр. Мұның құдіреті осында жатыр, екіншіден, оны жарыққа шығарған жазушының жанкешті еңбегі еленіп отыр.
Айта кету керек, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 2019 жылы Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып жүрген кезеңде көрнекті қаламгер Бақыт Сарбалаевтың «Алмас қылыш» атты таңдамалы жинағын баспадан шығаруға қаржылай қолдау көрсетті.
Жалпы, сын - әдебиеттегі жауынгер жанр саналады. Бұл жанрға сүрлеу салуға саңлақтар ғана барады. Бақыт Сарбалаевты профессор Құлбек Ергөбектің «Сынның сырлы семсері» деуі тегін емес. Жалынды журналистжазушы Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кез келген әдебиетсүйер «Бақыт Сарбалаев – сыншы, сыншы болғанда да рахметі аз, лағнеті көп осы бір жанрдың сәйгүлігі» дері анық. Сын дегеніміз – талғам, талап. Талғамға салып талаптанса ғана, адам тарландыққа таласа алады. Асылы, әлдекімнің әлдебір шығарма туралы пікірінің өзінде әдеби сынның элементі кездеседі» дегені бар. Бақыт ағаның бір биігі – сыншы екендігі, сынның сынағынан сүрінбеген саңлақтығы. Оның 1965 жылы оқуға түскен кезі. Дәл сол шақта «Лениншіл жас» газетінде «Сізге қандай өлең ұнайды?» деген пікірталас жүрді. Өлеңнен де сарқыт бұйырған сары бала сыни көқараспен 15 бет мақала жазып, редакцияға жібереді. Не керек, араға 6 ай салып, әлгі мақала «Өлең салмағы жүрекпен өлшенеді» деген атпен жарық көреді. Бұл студент үшін күтпеген сый, еленген еңбек, биік бедел болатын. Бақсақ, Бақыт Сарбалаевтың сыншылық тәжірибесі сол кезден қалыптасып, талант тұнығы ашыла түскен сыңайда.
Өзі анау-мынаудың тісі бата бермейтін, тау тұғыр тұлғалардың туындыларын талдап, ақ пен қарасын айқындауға батыл барған батыр екен. Әдебиет сыншысының тырнақалды туындысы – «Қызыл алма» екені белгілі. Онда Әбіш Кекілбаевтың «Бір уыс топырақ» аталатын туындысын талдайды.
Ал, жинақтағы «Өрт жүректің өмір дастаны» атты көлемді мақаласы Мұқағали Мақатаевтың «Өмір¬дастан» атты таңдамалысын танып-талдауға арналды. Қызық болғанда, жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл алма» атты әңгімесін парша-парша талдай отырып, өзінің эстетикалық талғамын да, жүрек түкпіріндегі құпия-сырын да жасырмай жеткізеді. Ал ақын Қадыр Мырза Әлі Бақыт ағаның сынына біршама ренжіп жүрді. Дегенмен шыншыл сын екенін мойындап, бір кездескенінде «Осы сенің де көрмейтінің жоқ», – деп ішкі сырын жасырмапты. Сыншылардың сөзіне сенсек, сын деген – әдебиеттің шекарасы. Сырттан да, іштен де атылған оқ алдымен өзіне тиеді. Жалпы, сыншы дегеніміз – сол әдебиет шекарасының сақшысы. Демек, Бақыт ағам қарымды қаламгерлігімен қоса қырағы сын сақшысы дер едім. Әрине, әдебиет түзелмей, әлеумет түзелмейді. Ол – рас, көркем әдебиет көркем дүниеге жетелейді. Үлкен тәрбие құралы саналады. Осы орайда ойы – ұшқыр, қаламы – жүйрік, талантты көсемсөзші ретінде ағамның арғы-бергі атқарған ісін, естелігін қағазға түсірген болдым. Бұл саңлақ сыншыға, ірі суреткерге деген үлкен құрметім.

Руслан Рүстемов