Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Экс-кешьюлік Балжанның ағасы Бақыт Бидаш туған күнін тойлады

Экс-кешьюлік Балжанның ағасы Бақыт Бидаш туған күнін тойлады



Иә, Кешью тобының экс мүшесі Балжан Бидаштың туған ағасы Бақыт Оразғалиұлы күні кеше туған күнін тойлады. Бұл туралы оның әкесі әнші-композитор Оразғали Бидашев желіге жазба қалдырып, ұлына ізгі тілегін жеткізді. 
Отбасындағы ең үлкен ұл Бақыт 1990 жылы Келінтөбе ауылындағы музыканттар отбасында дүниеге келген. Жастайынан өнер сүйіп, сахнаға талпынған жас өреннің бар арман-мақсаты да әншілікпен қатар ұштасты. Бүгінгі таңда Алматыда өзіндік музыка студиосында ән өңдеп, музыка жазатын жас әншінің хит әндерін эстраданың Нұржан Керменбаев, Мақпал Исабекова, Ғаділбек Жанай сынды жұлдыздары сахна төрінде асқақтата шырқап жүр. Өн бойына адамдық, адалдық, имандылық, кішіпейілділік ұғымын сыйдыра білген Бақыт Бидаштың адамдық келбеті де өз алдына бір бөлек. Жаны жайсаң, мінезі жомарт. Оны күллі жұрт "Бахантай"" деп атап кеткен. Бұл – балалықтан қалған ескі аты.  


Қысқасы,өнер иесінің туған жері жәннат мекені Жаңақорғанға деген құрметі, ықыласы ерекше.
Олай болса, құрметті Бақыт досым алар асуың әлі де асқақ болсын! Өзіңе сүйікті де ибалы жар жолықсын. Ата-анаңның, қазақ қоғамының өркендеуіне сүбелі үлес қосар арда азаматтарың, ұлағатты ұрпағың көп болсын!
                                                                                             Ханзада ДОШАН. 
22 маусым 2019 ж. 1 437 0