Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...

Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...


Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.
Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік, бүгінгі күнгі осы үш сөзге тоқтаймыз ба?

© Аятжан АХМЕТЖАН
30 қыркүйек 2020 ж. 1 039 0