"Нобель сыйлығы" кімдерге беріледі.
Әлемдегі ең беделді, халықаралық сыйлық – Нобель сыйлығы. Ол жыл сайын химия, физика, медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен революциялық жаңалықтарға, мәдениет пен қоғамның дамуына зор үлес қосқан ақын-жазушыларға, бейбітшілік жолында күрескен адамдар мен ұйымдарға беріледі.
– «Динамиттің атасы» аталып кеткен инженер-химик, өнертапқыш ғалым. Оның ірі өнеркәсіп өндірісі болған. Ғұмырының басым бөлігін ғылымға арнап, 355-ке жуық ғылыми жаңалық ашып, динамит, капсюль-детанатор, түтінсіз дәрі сияқты заттарды ойлап тапқан ғалым, 1833 жылы Швецияның Стокгольм қаласында дүниеге келіп, 63 жасында Италияда өмірден озған. Бірақ өнертапқыштың денесін туған жері Стокгольмге жерлеген. Жалпы, Нобельдің есімі 1882 жылдан бастап танылды. Сол жылдары Швейцарияның Сен-Готард туннелі салынып, оның құрылысын бастарда әлемде алғаш рет динамит қолданылды. Осыдан бастап Нобельдің есімі әлемге әйгілі болып, оның ойлап тапқан жарылғыш заттары Жер шарының түпкір-түкпіріндегі зауытта өндіріле бастаған.
Ал сыйлықтың атауына тоқталсақ, ол Альфред Нобельдің 1895 жылғы өсиеті бойынша тағайындалып, соның құрметіне «Нобель сыйлығы» деп аталды. Нобель қоры 1900 жылы құрылып, ол тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым болды. Сыйлық 1901 жылдан бері, әр жылдың 10-желтоқсанында табысталады. Марапаттау кезінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалі мен диплом, ақшалай сыйлық тапсырады. Өсиетке сәйкес, сыйлықты беруге Швеция мен Норвегиядағы төрт ұйым жауапты. Негізі, Нобельдің қалдырған мұрасы – 31 миллион швед кроны. Бұл сома қазіргі ақшаға шаққанда 250 млн доллардан аса ақша. Нобель өзінің өсиетінде артында қалдырған мұрасын сенімді бағалы қағазбен ұстауды бұйырған. Өсиетке сәйкес, сыйлықты беруге Швеция мен Норвегиядағы швед корольдік ғылыми академиясы, Стокгольмдегі Каролин институтының Нобель ассамблеясы және бес адамнан тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет құқылы. Сыйлықтың лауреатына 10 миллион крон беріледі. Дегенмен ақшалай сыйлық бағалы қағаздардан түскен өсімге байланысты әр жылы әр қалай болып өзгеруі мүмкін.
Ал, аталмыш бағалы сыйлыққа ең алғаш қол жеткізген нәзікжанды – Сельма Оттилия Ловиза Лагерлеф. Швецияда дүниеге келген ару 3 жасында аяғы ауырып, өмірінің соңына дейін аяғын ақсап басады. Оқытушы және жазушы болуды армандаған нәзікжанды Стокгольмдегі қыздарға арналған жоғары корольдік педагогика академиясын бітіріп, қыздарға арналған мектепте оқытушы болып қызмет жасайды. Мектепте жұмыс жасай жүріп, шығармашылықты қатар алып жүрген жазушы, алғашқы туындыларын газет беттеріне басады. Уақыт өте келе өзінің ұстаз емес жазушы болатынына толық көзі жетіп, біржола жазушылыққа бет бұрады. «Көрінбейтін шынжырлар, «Антихрист ғажайыптары», «Құддыс» кітаптары жарық көріп, балаларға арналған «Нильс Хольгерсонның Швециядағы ғажайып саяхаты» деп аталатын шығармасы әлемнің 39 тіліне аудырылып, хикая жайында мультхикая түсіріліп, жазушының абыройын асқақтатады. Жасушының шығармаларының қоғамға тигізер пайдасының молдығы ескеріліп, 1909 жылы Швеция акакдемиктері Сельма Лагерлефті «Барлық шығармалардағыдай биік идеализмі, жарқын бояулар шеберлігі, кейіпкерлер ішкі психологиясына терең бойлай алғандығы үшін», «Нобель» сыйлығына лайық деп табады.
Сондай-ақ, физика саласы бойынша лазерлік технологиялар саласындағы жаңалықтары үшін американдық Артур Эшкин, француз Жерар Мору және канадалық Донна Стрикленд алса, химия саласы бойынша бағалы сыйлық АҚШ ғалымы Фрэнсис Арнольд пен Джордж Смитке және ұлыбританиялық Григорий Винтерге беріген.
«Нобель» алған тұңғыш қазақ кім?
Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Достай Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейіні Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері.
Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 пайызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен күреске аударған. «Нобель» сыйлығын алушылардың қатарына Раманқұлов Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар», – деген.
Иә, әлемді аузына қаратқан «Нобель» сыйлығы жаһанның кіл мықтыларына ғана берілетіні белгілі болды. Алайда, аталмыш сыйлықты алған бірде-бір қазақ жоқ деудің жаңсақ пікір екенін білдік. Өйткені, Жеке өзі алмаса да ең мықты 11 адамның қатарында болған Достай Раманқұловтың қазақ екенімен мақтана аламыз.
Айсұлу Алданазар