№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)


Нобель апталығы басталғаннан ең жарқын ғылыми атақтар мен медицина, физиология, физика және химия саласында лауреаттар анықталды. Медицина мен физиология саласының лауреаттары 2016 жылы 3 қазан күні белгілі болды. Ол атақтың иесі – Токио Технологиялық университетінің жасушалы биология маманы Ёсинори Осуми (Yoshinori Ohsumi).
Нобель комитетінің пресс-релизінде былай деп жазылған:
«Осумидің бұл ашқан жаңалығы біздің түсінігіміздегі жасуша өзіндегіні қалай өңдейтінін түсіндіретін жаңа парадигмаға жол ашады. Ол көптеген физиологиялық үдерістерге аутофагтың маңыздылығын түсіндіретін фундаментальды түсінік қалыптастырды. Оларға аштыққа бейімделу мен инфекция қарсы тұру жатады.
Аутофагия – бұл қоқыстардан құралған жасушаның қажетсіз бөліктерін өңдеу немесе утилизция жасау. Бұл үдеріске қойылған термин екі грек сөзінен «өзітамақтану» немесе «өзіқоректену» деген мағынаны білдіреді.
Жалпы бұл феномен бар болған, оны ғалымдар өткен ғасырдың 60-шы жылдары тапқан. Бірақ, терең бойламаған. 90-жылдары бұны Осуми жасады. Ол тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Осы еңбектің арқасында ширек ғасырдан кейін сыйлық өз иесін тапты. Сондай-ақ, бірауыздан Нобель сыйлығына лайықты тарихтағы 39-шы ғалым етті.
Сонымен лауреаттың ашқан жаңалығы мынаны дәлелдейді: ашығу яғни, ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайды. Бұл Нобель комитетімен дәлелденген.
Осумидің әріптестері аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды деп отыр. Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан ағзаны жасартуы да мүмкін. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, зақымдалған ішкіжасушалы элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі.

islam.kz
10 наурыз 2020 ж. 666 0