№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ


Нобель қандай сыйлық?

Нобель сыйлығы – әлемдегі ең беделді халықаралық сыйлық. Ол әр жыл сайын химия, физика, медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен революциялық жаңалықтарға, мәдениет пен қоғамның дамуына зор үлес қосқан ақын-жазушыларға, бейбітшілік жолында күрескен адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Сыйлық неге «Нобель» деп аталады?
Сыйлық шведтің өнертапқыш ғалымы Альфред Нобельдің 1895 жылғы өсиеті бойынша тағайындалған, сондықтан соның құрметіне «Нобель сыйлығы» деп аталады. Сыйлық 1901 жылдан бастап беріліп келеді. Әр жыл сайын Стокгольмде 10-желтоқсанда табысталады. Салтанаты марапаттау кезіндеШвеция корлі лауреаттарға Нобель медалін, диплом мен ақшалай сыйлық тапсырады.
Нобель деген кім?
Альфред Нобель – «динамиттің атасы» деп аталып кеткен инженер-химик, өнертапқыш ғалым және ірі өнеркәсіп иесі болған.
Ол 1833 жылы 21 қазанда Швецияның Стокгольм қаласында туған. 1896 жылы 63 жасында Италияның Сан-Ремо қаласында дүниеден өткен. Стокгольмге жерленген. Өз өмірінің көбін жарылғыш заттар жасауға арнаған. Капсюль-детонатор, динамит, түтінсіз дәрі сияқты заттары ойлап тапқан.
Нобельдің есімі алғаш рет 1882 жылы Швейцариядағы Сен-Готард туннелі салынған кезде белгілі болды. Өйткені, туннельді салуға әлемде тңғыш рет динамит қолданылды. Нобельдің 355-ке жуық өнертабысы бар. Оның ойлап тапқан жарылғыш заттары әлемнің түпкір-түкпіріндегі жүздеген зауытта өндірілген. Нобель Швеция, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италияда жұмыс істеген. Бес тілде еркін сөйлеп, өлең, пьеса жазумен айналысқан.
Нобель қанша мұра қалдырды және сыйлықты алған адам қанша ақша алады?
Нобельдің қалдырған мұрасы – 31 миллион швед кроны Бұл – қазіргі ақшаға шаққанда шамамен 250миллион доллар. Ол 1895 жылғы жазып қалдырған өсиетінде Нобель өзінің мұрасын сенімді бағалы қағазбен ұстауды бұйырған. 1900 жылы Нобель қоры құрылған. Ол тәуелсіз. Мемлекеттік емес ұйым болды. Өсиетке сәйкес, сыйлықты беруге Швеция мен Норвегиядағы төрт ұйым жауапты. Олар: швед Корольдік ғылым академиясы, Стокгольмдегі Каролин институтының Нобель ассамблеясы, сондай-ақ, бес адамнан тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет.
Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Нобель қорында 3 миллиард 112 миллион крон қаржы бар. Бұл шамамен 450 миллион долларға тең. Нобель сыйлығының лауреатына 10 миллион крон беріледі. Долларға шаққанда бұл – 1,4 миллион доллар. Алайда, ақшалай сыйлық бағалы қағаздардан түскен өсімге байланысты төленеді. Сондықтан, әр жылы әр қалай болады.
Дайындаған: Айсұлу АЛДАНАЗАР.
24 сәуір 2018 ж. 2 005 0