Қарыз қайтару – парыз
Қазақтың көбі қарызға белшесінен батқандай көрінеді кейде. Банкке де қарызбыз, бір-бірімізге де қарызбыз.
Кісі ақысын жеу – жолы зіл батпан.
Біреуден қарыз алып, оны қайтармай кету де кісі ақысын жегенге жатады.
Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз. Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады. Ол кезде дауды шешу қиынға соғады.
Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе татуластырушы судья арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Аталған азаматтық іс бойынша талап қоюшы М сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер А-дан 500 000 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Талап арызды алғаннан кейін аудандық соттың татуластырушы судьясы Э.Рысқұлов татуласу рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндірді және дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама толтырылды.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес тараптар өзара келісімге келді.
Аталған келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшымен татуласып, 500 000 теңге қарызын 2022 жылдың 15 мамырына дейін толық өтеуге міндеттенді, ал талап қоюшы онымен келісіп, талабынан бас тартты.
Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Қорыта айтқанда әркім оң мен солына қарап, қарыз бен парызға абай болғаны жөн. Әлбетте, материалдық тұрғыдан да, адамгершілік-моральдық жағынан да ешкімге қарыз бол¬маған жақсы-ақ.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі