№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу тиімділігі

Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу тиімділігі


Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз. Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады.Ол кезде дауды шешу қиынға соғады. Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Мұндай дауларды міндетті түрде шешу қажет. Әрине сотқа шағымдануға болады. Алайда  қағазбастылық бар және уақыт алады.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе судья медиатор арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың өндірісіндегі үш азаматтық іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Сот отырысында іске қатысушы тараптар бір-бірімен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті.
Нәтижесінде қарыз ақша өндіру жайлы 2 азаматтық, мал дауына қатысты 1 азаматтық іс сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.
Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
20 қараша 2019 ж. 962 0