«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сотқа дейінгі хаттама институтының маңызы зор

Сотқа дейінгі хаттама институтының маңызы зор

Азаматтық істер бойынша дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы АПК-ге өзгерістер мен түзетулер енгізілгені белгілі.
Ол - «Сотқа дейінгі хаттама» институты.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – тараптарды сотқа дейін татуласуға, дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша уақыт беруге арналған.
Аталған жоба аясында Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы И. сотқа талап қоюын беріп, жауапкер А-дан 54 000 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Талап арызды алғаннан кейін аудандық соттың татуластырушы судьясы Э.Рыскулов татуласу рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндірді және дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама рәсімделді.
Сондай-ақ жасалған медиациялық келісімге сәйкес тараптар өзара келісімге келді.
Аталған келісім шарттары бойынша жауапкер А., 54 000 теңге қарызын 2022 жылдың сәуір-мамыр айларының 30 жұлдызына дейін ай сайын 27 000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы онымен келісіп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Бұл көрсеткіш енгізілген жаңашылдықтың қолайлылығының бір дәлелі.
Кез-келген дауды қысқа мерзімде, моральдық, қаржылай шығынсыз, іскерлік өзара қарым-қатынасты сақтауға тырысып, татуластыру рәсімдерінің негізінде бейбіт келісіммен аяқтау екі тарапқа да тиімді.
Сотқа талап қоюмен жүгініп, кейін сол дауды ортақ мәмілеге келу арқылы шешіп жатқан тараптар аз емес.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
16 наурыз 2022 ж. 237 0