№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз. Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады. Ол кезде дауды шешу қиынға соғады.
Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар.
Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе татуластырушы судья арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Аталған азаматтық іс бойынша талап қоюшы Т сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер Қ-дан 345 000 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Талап арызды алғаннан кейін аудандық соттың татуластырушы судьясы Э.Рысқұлов татуласу рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндірді және дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама толтырылды.
Сондай-ақ жасалған медиациялық келісімге сәйкес тараптар өзара келісімге келді.
Аталған келісімге сәйкес, жауапкер Қ талап қоюшының Т-тың пайдасына 2022 жылғы 30 қаңтарға дейін 100000 теңге, 2022 жылғы наурыз-маусым айларының аралығында әр ай сайын 50 000 теңгеден, 2022 жылғы шілде айының соңына дейін 45 000 теңгені төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы онымен келісіп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 қаңтар 2022 ж. 380 0