№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «AMANAT»: Жұмыс орындарын құрудағы экономикалық тиімділік айқын және қадағаланатын болуға тиіс

«AMANAT»: Жұмыс орындарын құрудағы экономикалық тиімділік айқын және қадағаланатын болуға тиіс


Бүгінде жұмыс орындарын құру – өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету кезінде негізгі KPI көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында Мәжіліс депутаты, Кеңес төрайымы Екатерина Смышляева айтты.
Отырыстың басты тақырыбы – еңбек нарығының трансформациясы мен цифрлық экономикаға көшу жағдайында жұмыс орындары экономикасын дамыту болды. Депутаттың айтуынша, жұмыс орнының экономикасы – тек бос жұмыс орнын құру ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамтудың кепілдіктері, қызметкерлердің әл-ауқат деңгейі, әлеуметтік қорғау және еңбек көші-қонын болжау сынды бағыттарды қамтитын кешенді мәселе.
«Бұған дейін біз деректердің қайталануы және ашықтықтың болмауы мәселесіне тап болсақ, бүгінде цифрлық интеграцияның арқасында нақты көрсеткіштерді көріп отырмыз: қанша қаражат бөлінді, қанша жұмыс орны құрылды және қандай кәсіпорындар нақты жұмыс істеп жатыр», – деді Екатерина Смышляева.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев еңбек нарығындағы өзекті деректер мен трендтерді ұсынды. Оның айтуынша, 2025 жылы 1,2 млн бос жұмыс орны жарияланады деп болжануда, ал 2035 жылға қарай жалдамалы жұмысшыларға қосымша сұраныс 316 мың адамға артады.
Толығырақ: amanatpartiasy.kz
12 маусым 2025 ж. 105 0