№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бітімгерліктің тиімді тәсілі – медиация

Бітімгерліктің тиімді тәсілі – медиация

Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз. Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады.
Ол кезде дауды шешу қиынға соғады. Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе татуластырушы судья арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.Тұңғышбаевтың өндірісіндегі талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы жауапкер Ш-дан несие беру туралы шартқа сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралып, аталған іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы талап қоюынан бас тартса, жауапкер қарыз соманы белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенді.
Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 мамыр 2021 ж. 623 0