№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі және жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін жауапты болады.
Жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға.
Жол көлік оқиғасының түрлері:
• Қақтығыс
• Аударылу
• Кедергіні соғу
• Жүргіншіні басып немесе соғып кету
• Тұрған көлік құралын соғу
• Жануарларды басып немесе соғып кету
• Өзге оқиғалар
Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз. Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады.
Ол кезде дауды шешу қиынға соғады. Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе татуластырушы судья арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Жоғарыда айтылғандай сөзімізге түрткі болып отырған мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы О., жауапкер С-дан 1 120 000 теңге жол көлік оқиғасы салдарынан болған материалдық шығынды өндіру жайлы талап қоюымен жүгінген.
Судья істі қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Осылайша тараптар аудандық соттың судьясы И.У.Тунгышбаевтың жәрдемдесуімен жол көлік оқиғасы салдарынан болған материалдық шығынды өндіру жайлы азаматтық іс медиация тәртібімен оң шешімін тапты.
Жауапкер С., 1 120 000 теңге қарызын 2023 жылғы 25 наурызына дейін айына 70 000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал өз кезегінде талап қоюшы О., талабынан бас тартты және төленген 10355 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы.
Мұны аудандық сот өндірісіндегі көптеген істердің бітіммен шешіліп жатқандығынан да байқауға болады.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру мәселелеріне қатысты істер сотқа жетпей және сотта өз шешімін табуда.
Аталған мәселе бойынша медиация тетігін пайдалану арқылы аудандық сот судьясы дауласушы тараптарды өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Кешірім жасау-кеңдік, кешіре алмау-кемдік» деп өсиет қалдырғанын, бабаларымыздың «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, кешіре білу кеңдіктің белгісі деп ұғынуымыз керек екенін, айыбы ауыр болмаса, ата жолымен мәмілеге келіп, екі тараптың келісімге келуі маңызды деп, тараптардың мәселелері бойынша дау бітімгершілік келісімге келу нәтижесімен түсіндірілді.
Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
10 желтоқсан 2021 ж. 214 0