№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Халықпен кездесу: Депутаттар тұрғындар мәселесіне зер салды

Халықпен кездесу: Депутаттар тұрғындар мәселесіне зер салды


Бүгінге аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері 2025 жылдың бірінші жарты жылдығына халыққа есеп беру кездесулері бекітіліп, кестеге сай Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғалымжан Жарқынбекпен бірге кент орталығынан сайланған депутаттардың халықпен кездесулері өтті. Кездесуге сала басшылары, Жаңақорған кенті әкімі аппаратының қызметкерлері және тиісті округтен сайланған депутаттар қатысуда (кездесу кестесі Жаңақорған ауданы мәслихаттың ресми интернет ресурсында және «фейсбук» парақшасында жарияланған).
Осыған орай, 9 маусым күні мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, фракция мүшелері Ақмарал Маликова, Серік Мырзабаев және кент әкімінің орынбасары Ақжан Тұрғанбаев , аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінң басшысы Орман Ахметов және аудандық электр торабының басшысы Ізбасхан Әбілтанов «Санаторий», «Стадион», «Мәдениет» сайлау округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында халықты сапалы ауыз сумен қамту, көшелерді жарықтандыру, жол инфрақұрылымы (қауіпсіздік белгілері), тұрмыстық қатты қалдықтарды алып кету, газ тарату желісіне қосылған тұрғын үйлерге газдың бағасы және т.б мәселелер көтерілді.
Кездесуде көтерілген мәселелер мен олар бойынша жоспарланған (атқарылған) іс-шаралар туралы ақпарат кездесу іс-шаралары аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.
13 маусым 2025 ж. 112 0