Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары: Уақыты мен мекенжайы туралы маңызды ақпарат

Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары: Уақыты мен мекенжайы туралы маңызды ақпарат


Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы бола түсті. Қала аумағында 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) және 1 Мамандандырылған ХҚКО үздіксіз жұмыс істеп тұр. Әрбір орталық тұрғындардың қажеттіліктеріне сай қызмет көрсетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.
Қызмет көрсету орындарының орналасқан мекенжайлары төмендегідей:
          •        Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е – қала орталығына жақын, тұрғындар жиі келетін негізгі орталықтардың бірі;
          •        Астана даңғылы, 46 – бұл жерде орналасқан ХҚКО цифрлы форматта қызмет көрсетіп, заманауи технологияларды қолдануымен ерекшеленеді;
          •        Ұ.Қараманов көшесі, 98 – халыққа кең ауқымды қызмет көрсететін тағы бір орталық;
          •        Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91 – Мамандандырылған ХҚКО, көлікке қатысты қызметтерге сұранысы жоғары тұрғындар үшін ыңғайлы орын.
Барлық ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, жұмысбасты тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, Қызылорда қаласында екі кезекші ХҚКО жұмыс істейді. Олар –:
          •        Цифрлы ХҚКО (Астана даңғылы, 46)
          •        Мамандандырылған ХҚКО (Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91)
Аталған орталықтардың ерекшелігі – ұзартылған жұмыс уақыты. Олар дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ке дейін қызмет көрсетеді. Бұл – демалыс күндері де мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік беретін үлкен жеңілдік.
Бүгінгі цифрлық дәуірде азаматтарға уақытты тиімді пайдалану мен сапалы қызмет алу маңызды. Қызылордалық ХҚКО-лар осы талаптарға сай жұмыс істеп, халыққа қолжетімді, ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсету арқылы өз миссиясын ойдағыдай атқаруда.
12 маусым 2025 ж. 2 175 0