№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды

Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды


Бұрын ата-аналар қонақ барса да, қонақ келсе де балаларын бөлек бөлмеге кіргізіп, ым-жымын білдірмей тыныштандыратын. Есігін құлыптамаса да ешбірі сырт­­қа шығам деп жыламайды, шулаған дауысын да естімейсің. Барған үйдің бала­сымен бауыр басып, ойынға кірісіп кететін. Қазір балдырғандар сұра­са да, жыласа да, тіпті бір жерден құласа да телефон беріп уатады. Ұядан ұялы телефонмен қанаттанған ұрпақты ойыншықпен алдау қиынға соғып тұр­ға­ны жасырын емес. Ойыншық алып бергеннің өзінде сол ойыншықтар қан­шалықты сапалы? Оның бағасына ғана емес, сапасына мән беретін ата-аналар бар ма?
Денсаулық сақтау министр­лігіне қа­рас­­ты Санитариялық-эпидемио­логия­лық бақылау коми­тетінің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
«Ойыншықтарды әркім өз қалауымен таңдайды: біреу белгілі бір өндіруші ком­панияға, басқалары бағаға, ал кей­бірі сыртқы келбетіне назар аударады. Алайда сатып алу кезінде барлық ата-ана­лар сатушылардан бірдей қуыр­шақ­тар­дың немесе ойыншық маши­на­лардың қауіпсіздігін растайтын құжат­тар­ды талап етпейді. Бірақ балалар ойын­шық­тары, ең алдымен, заң бойынша қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтарды елі­міздің аумағында сатпас бұрын Ке­ден ода­ғының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регла­мент­індегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Санитарлық-эпидемиялық қыз­меттің қызметкерлері ай сайын ойын­шықтардың қауіпсіздігіне мони­то­ринг жүргізеді. Осылайша, 2022 жыл­дың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і та­лап­тар­ға сәйкес келмеді, бұл 43,5%-ды құрады. Оның ішінде, отандық – 1 (0,5%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 16 (9,2%), басқа елдер – 156 (90,1%). Не­гі­зінен, бұзушылықтар: таңбалауға қа­тысты – 100%, ор­ганолептика­лық көр­­­сеткіштер бо­йынша – 3,4%, сани­та­р­лық-хи­миялық көрсеткіштер бо­йын­­ша – 8% (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өн­ді­рілген ойыншықтарда фенол, формаль­дегид, бензол, метил спирті, гептан дең­ге­йінің артуы анық­талды)», деп атап өтті Сани­­­тария­лық-эпидемиологиялық б­а­қы­­лау коми­теті мамандары.
Сонымен қатар санитарлық сала ма­мандары тексеріс нәтиже­сінде сауда кәсіп­орын­­дарынан екі айда сатудан 3,6 кило ойын­шық алынып тасталғанын айтты.
«Балаларға қауіпсіз емес тауар­ларды сату­мен айналыса­тын барлық кәсіпкерлік субъек­­тілеріне бұзушылықтар­ды жою туралы нұсқама беріл­ді. Сауда кә­сіп­орын­­дарында екі айда сатудан 3,6 кило ойын­шық алынды. Бұл құжаттарсыз са­тыл­ған және талаптарға сәйкес кел­мей­тін тауарлар. Олардың ішінде, FREEZE II қуыршағы, өндіруші ел Қытай, бензолдың концентрациясы 4,25 мг/дм3, рұқсат етілген концентрациясы 0,01 мг/дм3 аспайды, «Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы, өндіруші: Қытай, 0,049 мг / дм3 бензол концентра­ция­сы анықталды, рұқсат етілген концентрациясы 0,01 мг/дм3 аспайды, метил спир­тінің концентрациясы 2,98 мг/дм3, рұқ­сат етілген концентрация­сы 0,02 мг/дм3 аспайды, «Мини W ТОБОТ» автомобиль трансформаторы, өндіруші ел – Қытай, формальдегидтің концентрациясы 0,2 мг/л, рұқсат етілген концентрациясы 0,1 мг/л-ден аспайды, «Әскери жиынтығы» өндіруші мемлекет – Қытай, гептан концентрациясы 0,163 мг/дм3, рұқсат етіл­ген концентрациясы 0,1 мг/дм3 аспауы тиіс. «Вкусняшка» ан­тистресс ойыншығы, өндіруші ел – Қытай, фенолдың концентрациясы 1,08 мг/м3, рұқсат етілген концентрациясы 0,05 мг/м3 артық емес, Funny Musician балалар ойыншығы формальдегидтің концентрациясы 0,12 мг/л, рұқсат етілген концентрациясы 0,1 мг/л-ден аспауы керек. Mittivoy балалар ойын­шығы формальдегидтің концентрациясы 0,18 мг/л, рұқсат етілген концентрациясы 0,1 мг/л. Пластмассадан жасалған балаларға арналған машиналар жиынтығы GT.POLICE CAR, SUPER RACING SET, 3 жастан асқан балаларға арналған, шыға­­рылған елі – Қытай, 0,039 мг/дм3 бензол концентрациясы анық­тал­ды, рұқ­сат етілген концентрациясы 0,01 мг/дм3», делін­ген комитет өкілдері тарат­қан мә­ліметте.
Сондай-ақ Қырғыз Респуб­ликасы Экономика және коммерция минис­трлі­гінің уәкілетті органы ойыншықтар бо­йынша берілген сәйкестік сертификаттарын кері қайтарып алған.
Huoerguosiboqi international trading limited өндірушісінен – жұм­сақ ойын­шық­­тар, әртүрлі батарея ойын­шық­тары, қуыр­шақтар, темір жолдар, әртүрлі ойын­­­шық көлік техникасы, дизайнер­лер, музыкалық ойын­шық­тар, доп ойын­шықтары, ойыншық жабдықтары, ба­ла­лар ыдыстары және т.б. бар. Айта кететін жайт, ойыншықтар кейде адам өліміне алып келуі мүмкін. Сондықтан оны таңдауда мұқият қарау керек, сатушылардан оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуді ұмытпаңыздар. Өйткені сіздің таңдауыңыз – балалар алдындағы үлкен жауапкершілік», дейді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемио­логия­лық бақылау комитетінің қызметкерлері.
Иә, ойыншық баланы жан-жақты тәрбиелеу мақ­сатына пай­дала­ныла­ды. Оның дү­ние­танымын кеңей­туге кө­­­мек­­теседі, бел­гілі бір мақсат­тағы, ой­­лас­ты­рыл­­ған әрекетке үйре­теді, қия­­­лын же­­­тілдіріп, еңбек­ке сү­йіс­пен­­­­­ші­лігін, тех­­­­ни­каға қызығу­шы­­лы­ғын, бі­луге құ­мар­­лығын, аңғар­ғыш­­­­тығын қа­­лыптас­ты­рады, талғам­паз­­дыққа тәр­­бие­­­лейді, өнерге ынталанды­рады. Ойын­шықпен ойнауға белгілі жағ­дайда педагогикалық, эсте­­ти­калық, гигие­на­лық, техникалық талап қойыл­ады, сон­дай-ақ ол баланың жас ерек­­шелігіне қа­рай өзгеріп отыратыны жасырын емес.
Бұл ретте психолог мамандар ойын­шық­пен ойнау баланың дамуына оң әсерін тигізіп қана қоймай, оның қор­ша­ған ортамен тығыз байланыс орнатуына көмектесетінін алға тартады.
«Өйткені ойыншықпен ойнау айналаны тануға көп көмектеседі. Ойнау ар­қы­лы қолдың моторикалары мидың жақ­сы жұмыс істеуіне әсер етеді де, ба­ла­да ло­ги­калық ойлаулар пайда бола бас­тайды. Сол логикалық ойлау­дың негізінде балалар қуыр­шақ­тармен сөйлеседі. Ойын­­шықтарға өзінің әңгімесін айтады, реакциясын, қарым-қатынасын көр­се­теді. Соның негізінде бірте-бірте тұлға болып қалыптасып, айналасымен де сөйлесіп, араласа бастайды. Ойыншық таң­дағанда ең бірінші баланың өміріне қауіпсіз болуын қадағалау қажет. Дене­сін немесе басқа жерін зақым­да­май­тын­дай үш­кір ойыншықтар алмаған абзал. Со­ны­­мен қатар химиялық тұр­ғы­дан залал келтірмейтін, әртүрлі бояу­лар бол­­­майтын, өткір иістері шық­пай­тын ойын­­­шықтар таңдаған дұрыс. Бала­лар­дың жас ерекшелігіне қарай кіш­кен­тай балаларға жұмсақ және аузы­нан үлкен ойыншықтар алу керек. Өйт­ке­ні олардың жұтып қою қаупі бар екенін ескерген жөн», дейді PhD доктор, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бі­лім академиясының жетекші эксперті Балабек Кеніштайұлы.
Баланың қалыпты дамуына әсер ете­тін ойыншықтың да түрі көп. Мысалға, дидактикалық ойыншықтар баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімін, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, түсін, көлемін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңіс­тік жайлы түсінікпен танысады. Ди­дактикалық ойыншық­тар­ға бір түсті және түрлі түсті сақи­налардан жасал­ған ко­нусты күм­бездер, бірінің ішіне бірі са­лы­натын әртүрлі тостағандар, бөшке­­лер, шарлар, матрёшкалар, әртүрлі серіп­пелі, бұрандалы ойыншықтар жатады. Со­нымен қатар бейнелік ойын­шық­тар­­дың да тәрбиелік маңызы зор. Оған (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) адам­­дар мен жануарларды, табиғат элемент­те­рін бейнелейтін фигуралар жата­­ды. Бұл қуыршақтармен ой­на­ған бала­лар­дың қоршаған орта жайлы түсінігі ай­қын­­далып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қиялы дамып, сөздік қоры ар­тады. Балалардың ойын бары­сын­да көп күш жұмсамай-ақ еңбек про­­це­сін бейнелеуіне мүмкіндік бере­тін тех­ни­ка­лық ойыншықтардың да пайдасы зор. Ойын баласы­ның көп қызығатын, көп қол­данатын ойыншықтарының бірі – конструкторлық ойыншықтар. Олар­­дың өзі – (құрастырмалы, алмалы-сал­малы) тақырыптық, сұлбалық не­месе әмбебап конс­трукторлар болып бөлі­не­ді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойын­шықтар мектеп жасына дейінгі бала­лар­ға арналады. Олар арнаулы бе­кіт­кіштер ар­қылы құрастырылатын азда­ған бөлшектерден тұрады.
Ал сіз ойыншықты қалай таңдайсыз?
28 сәуір 2022 ж. 343 0