№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отандық ойыншық өндірісінІң әлеуеті қандай?

Отандық ойыншық өндірісінІң әлеуеті қандай?


Қазақстандағы балалар тауарлары өндірушілерінің қауымдастығы ойыншықтардың шет ел нарығына тәуелді екенін жоққа шығармайды. Қауымдастықтың мәліметінше, елдегі ойыншықтардың екі пайызы ғана отандық өнім.
Қазақстандағы ойыншық шығаратын бірден-бір фабрика – Шымкент қаласындағы «Navruz Plastik» ойыншық зауыты. Бүгінде онда ойыншық жүк көлігінің бірнеше түрі мен лего құрастырғыштар, балалардың өздері отырып, басқаруына лайықталған көліктер жасалынады. Ойыншықтың бағасы да отандық өнім болғандықтан қолжетімді. Ең бастысы – ойыншықтың барлық бөлігі елде өндіріледі. Экологиялық тұрғыдан таза. Ойыншық құрамында химиялық зиянды қоспа жоқ. Бүгінде кәсіпорын ойыншық өнімдерін елдің бірнеше облыстарына жеткізіп отыр.
Сондай-ақ, отандық ойыншық өндіруші тағы бір компания – «Бал-бала» ойыншықтар әлемі. Олар нарыққа қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақтарын шығарады. Алдар Көсе, Тазша бала, Күлекеш кейіпіндегі қуыршақтар шетелдік өнімдермен бәсекелесе алғанымен шикізат Қытай зауыттарынан келеді.
11 қыркүйек 2018 ж. 2 631 0