№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар ойыншығы: сапа мен стандартқа сай ма?

Балалар ойыншығы: сапа мен стандартқа сай ма?


Қазір отандық ойыншық индустриясы қалыптасып, дамып келеді. Алайда Қытайдан келетін арзан ойыншық түрлеріне бәсекелесу оңай емес. Айтқым келгені бұл емес, бір ойыншықтың пайдасынан көрі зияны көп болып тұр. Мұны біздің ата-аналар жақсы біледі. Бірақ...


Ойыншық баланың көңiлiн аулап, ойын сергітіп, дүниетанымын қа­лып­тастырады. Қимылы дамиды. Қол­да­рымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дами­ды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Қысқасы, баланың өсіп-жетілуінде аса қажетті көрнекілік құралы. Бірақ өспірім үшін қауіпті тұстары да жоқ емес. Бүлдіршін қолына тиген кез келген затты ауызына салып, тістелей бастайтыны анық. Ал оның құрамында улы химиялық заттар болса ше?
Мұны Жаңақорған аудандық тауар­лармен көрсетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау бас­қармасының бас маманы Гүлбану Мамбетова да растап:
– Балалар үшін ойыншықтардың маңызы зор. Бізде қарапайым халық ойыншықтың сапасына назар ау­дар­майды. Тұтынушылар ойын­шық­ты сатып аларда оның сапасына, бояуы­на, зат таңбасының болуын қадағалағаны дұрыс. Мысалы, кейбір ойыншықтарды қолға ұстағанда бояуы қолға жағылып кетеді. Бұл аса зиян­ды. Ойыншықтардың жарқын түсті­леріне жақындамаңыздар. Әсіресе жасыл, ақ, қызыл түстері жасанды деуге болады. Олардың құрамында хи­миялық формальдегид, фенол сын­ды қоспалары болады. Ол қос­па­лар ойыншықтың құрамында 30 пайыздан аспау керек. Ең қауіптісі, пластмассадан жасалған түрлері. Кез келген тауардың зат таңбасында оның атауы, өндірушісі, мекен-жайы, шыққан күні мен сақтау мерзімі көрсетілуі қажет. Қаптама техникалық регламентке сай болған жағдайда ғана сатып алуға кеңес беремін. Сондай-ақ тұтынушы сәйкестік сертификатын сұрағаны абзал. Ол сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат, – деді.
Расында Қытайдан келетін ойын­шықтардың құрамында фенолдың көр­сеткіші де бірнеше есе көп екен­дігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады.
Осы мәселені назарға алған Еуро­одақ елдері улы материалды қол­дануға қатаң тиым салып, шекарасынан кір­гізбеуге бекінген-ді. Алайда әлі күнге дейін Қытайда ойыншық индустриясы қарқынын төмендеткен жоқ. Біздің елімізге келіп жатқан ойыншықтардың барлығы дерлік Қытайдан келетінін ескерсек, ойланатын жайт.
Бүгінгі жасөспірімдер «Шрэк», «Өр­­мекші адам», «Спандж Бопты» айна қатесіз таниды. Кез келген үйге бара қалсаңыз, Халк, Шредер, Бэт­ман, Супермен және т.б. кейіпкерді бейнелейтін ойыншықтар мен мульт­фильм дискілерін табуға болады. Осы тұста, американдық зерт­теушілердің пікіріне назар аударсақ, жасөспірімдер телеаудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның ал­дын­да өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын көрсетеді.
Міне, осылайша балаларымыздың санасын улап жатырмыз. Соңын салдарынан балғын кейіпкер-ойын­шықтардың іс-қималын қайталап, бейә­деп көрсетіп жататыны рас.
Атқарушы билік осы мәселені ескеріп отандық ойыншық индустрия­сының дамуына дем бергені дұрыс. Сосын ойыншықтың сапасына тиісті орындар айрықша көңіл бөлуі керек. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіз­діктің басты белгісіне айналды.

Әсел РЗАЕВА
11 ақпан 2021 ж. 683 0