№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорғандағы жағдай

Жаңақорғандағы жағдай


Аудандағы «Нұр» және «Нұрасыл» базарына барып, ойыншық сататын дүңгішектерді аралап көрдік. Әр ойыншықтың астында «Қытайдан шығарылған» деген жазу «менмұндалап» айқайлап тұрғандай болды. Өкінішке орай, өзге елдің ойыншықтарын кездестіре алмадық. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, қолжетімді бағадағы ойыншықтардың барлығы Қытайдан келеді. Сапалы әрі қымбат ойыншықтарды алуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіні тағы бар.
– Негізінен, ойыншықтардың көбісі Қытайдікі. Бірақ мен тек тексеруден өткенін ғана Алматыдан әкелемін. Сонымен қатар, көрші Өзбек елінен де құрастырғыштар мен бірнеше ойыншық түрі келеді. Ал, отандық «Navruz Plastikтің» өнімдері ең қолжетімдісі. Мәселен, жүк көліктері көлеміне қарай 1000-3000 теңге аралығында сатылады. Сонымен қоса, ирандық ойыншықтар да сапасы жағынан жақсы. Бағасы да арзан. Жалпы, қазіргі уақытта дүкенде түрлі ойыншықтар 40 теңгеден бастап 50 мың теңге дейін бар. Сұраныс көп. Көбіне қытайлық ойыншықтар жақсы өтеді, – дейді «Таң» ойыншықтар әлемінің иесі Әсем Шайынова.
11 қыркүйек 2018 ж. 1 546 0