№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі

Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі

Елімізде кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жаңара түсуде. Заман талабына сай маман даярлау жұмысы да өзекті. Тәуелсіздігімізді алып, нарық заманына көшкелі бері білім беру жүйесінің бұл саласы нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды меңгерген, нағыз қажетті маман даярлау жолында қызмет етіп келеді. Ауданымыздағы аграрлы-техникалық колледжде өз ісін жолға қойған, нағыз керекті мамандар даярлануда.
Әсіресе, бүгінгі заманның сұраны­сына ие болып отырған, тігінші мамандығын оқытып, қаншама нә­зік жандарды ісмерлікке баулып, қоғамда өз орындарын табуға ықпал етуде. Осы оқу орнына барып, тігінші шеберханасының қыр-сырымен та­­ныстық. Онда бізді Айымжан Әлібе­кова есімді ұлағатты ұстаз қарсы алып, дереу тігін шеберханасына апарды. Шеберхананың есігін ашқаны сол еді, құдды ертегілер әлеміне енгендей күй кештік. Қызылды-жасылды түрлі-түсті матаны қиып алып, ою тігіп, көрпе-көрпешенің пішінін шығарып отырған шәкірттер нағыз шығармашылық жұмыс үстінде екен. Ұстаздары Айымжан Әлібекова жасаған жұмыстарын та­ныстырып, әрбір студенттің шығар­машылығымен жете таныстырып, ма­мандықтың қыр-сырын түсіндірді.
– Бала күнімізден апа-жеңге­леріміздің ине алып, жыртылған киімді тігіп, жамап-жасқап отырғанын көріп өстік. Ал, қазір қолына ине ұстайтын қыз-келіншектер көп емес. Дегенмен, біздің оқу ордасында арнайы тігінші мамандығына баулып, балауса қыз­дарды белгілі бір кәсіп түріне баулып келеміз. Үш курс бойынша 75-ке тарта шәкірт білім алып жатыр. Барлығының да талабы жоғары. Біз ұстаздар өз тарапымыздан оларға тігіншіліктің қыр-сырын, пішу, тігу, кестелеу сынды түрлерін үйретіп, дайын тігінші етіп шығарамыз, – дейді ол.
Байқағанымыздай, тігін тігуді біл­месең ол қазір мәселе емес. Бұл кәсіпті жете меңгеріп, шәкірттерді мамандыққа баулудың негізін қалап, халыққа пайдалы кәсіп үйретіп отырған Айымжан Әлібековаға бірнеше сұрақ қойған болатынбыз.
«Шебердің қолы алтын», деген сөздің жаны бар. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарымыздың бірі – қолөнер. Қолөнер шеберлерін дайындап, ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында аудандағы кәсіптік кол­леджде ашылған арнайы курста жыл сайын қаншама талапкерлерді тігіншілікке баулып, нағыз маман иесі етіп шығарудамыз. 
Тігіншілік, бүгінгі заманда ең табысты кәсіп түрі. Тігінші – бірнеше мамандандырылған мамандық. Таң­даған мамандығына байланысты, тігінші өз дағдыларын жетілдіреді. Кейбірі бірнеше мамандықты біріктіреді. Мұның бәрі өз жұмысын шынайы сүйе білуіне байланысты.
Тігінші мамандығының негізі та­бандылыққа келіп саяды. Өйткені, шебер бірден туылмайды. Ол қиын жұмыс арқылы ғана келеді. Сонымен қатар, осы мамандықтың өкілі адамдарға сұлулық сыйлау үшін көркемдік дәл танып, тұтынушыға үлгі ұсынуға міндетті, – дейді ол бізбен әңгімесінде.
Біз колледждің тігіншілік факуль­тетінде оқитын қыздарымыздың қо­лынан шыққан неше түрлі бұйымды қызықтап, жандарынан ұзай алмай көп жүрдім. Бәрі әдемі. Бәрі көз тартады.
Қымбат тастармен әшекейлеп, қа­зақ қызының сұлулығын әдемі көй­лек­терімен одан әрі көркейтіп, нәрлен­діріп қойғандай. Қазіргі таңда салт-дәстүріміз бен өнерімізді дәріптеп, ұлттық нақыштағы киімдерімізді мақтан етіп, «жүзігі алтын болғанша, жүзі жарқын болсын», деп ой түйетін қазақ қыздарының көбейгені қуантады.
Айымжан Әлібекова,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледждің оқытушысы
08 наурыз 2022 ж. 407 0