№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІГІНШІНІ ИНЕСІ АСЫРАЙДЫ

ТІГІНШІНІ ИНЕСІ АСЫРАЙДЫ


«Әйелдің ең бірінші парызы – ине мен жіптің парқын білу, яки тігіншілік өнерін терең меңгеру...» деп ағылшын жазушысы Оскар Уайльд айтқандай, тігіншілік қасиет анасынан дарыған Маржан Молдабекованың қолынан шыққан әшекей тастарымен көмкерілген, сәнді орамалдарына сұраныс жоғары.
Бүгінгі өркениет заманында жұмыс істеймін дегенге кәсіптің түрі көп. Әсіресе, қолынан өнері тамған жандардың өз туындысын саудалауына да жағдай жасалған. Бүгінгі кейіпкеріміз де түрлі маталардың тігісін үйлестіріп, әсемдеп, қыз-келіншектердің көркін ажарлай түсетін орамалдар жасап, оны ғаламтор желісінде жарнамалап, өз тұтынушыларын қалыптастырып үлгерген.
«Бақыттың кілті – еңбекте» демекші, шынай еңбек еткеннің ырысы мен несібесі мол. Қолы қалт еткенде тапжылмай отырып тігін тігетін, он саусағы майысқан шебердің келістіріп тіккен тюрбан, орамалдарына құрметпен қарап, еңбегін бағалауға болады. Маржан Сапарқасымқызының ісмер тігінші, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын нағыз маман екені көздің жауын алатын дүниелерінен көрініп тұр.
– Негізінен бұйымдардың барлығын бүгінгі трэндке сай етіп жасауға тырысамын. Әрбір дүниені жасамас бұрын сол орамалды тағатын қыз-келіншектің бейнесін көз алдыма елестетіп, оның келбетін қалай да аша түсуге тырысамын. Бастапқыда өзіме ғана орамалдар тігіп жүрдім. Оны көрген таныстарым тапсырыс бере бастады. Кейіннен «инстаграмм» парақшасында жариялай бастадым. Оқырмандар жылы лебізін білдіріп, тапсырыс көбейе түсті. Қазіргі таңда қыз-келіншектерге арналған түрлі стильдегі тюрбандар, шашқа арналған гүлді ленталар жасаймын, – дейді ісмер.
Иә, түрлі маталарды пішу, оны қонымды етіп тіге білу ізденісі мол, көз майын тауысатын шығармашылық еңбек. Ал, тапсырыс беретін апа-әжелер мен қыз-келіншектердің талғамы өте жоғары. Десе де, Маржанның қолынан шықан туындыны пайдаланатын қыз-келіншектердің алғысы шексіз.
– Маржанның орамалдарын ең алғаш инстаграммнан көрдім. Алғаш рет бір тюрбанға тапсырыс жасадым. Маған қатты ұнады. Базардағы дайын дүниелерден өзгеше, сапасы да жақсы. Қазір оның тұрақты тұтынушысымын. Тағы ескеретіні, орамалдардың бағасы да қолжетімді, – дейді Сәния Махмутқызы.
Интернетті игілігіне икемдеп, оны табыс көзіне айналдыра білген Маржанның негізгі мамандығы педагог. Ол Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген соң аудандағы агро-техникалық колледжге информаттика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Негізгі мамандығымен қоса ісмерлікті алып жүрген келіншек бүгінгі заманның кез-келген тұрғыны бір бағытпен тоқтап қалмауы керек деп есептейді.
– Жалпы, менің анам тігінші болған. Түрлі құрақтан көрпе-көрпеше тігетін. Менің бойыма анамнан осы қасиет қонса керек, тігіс тіккенді жақсы көремін. Оның үстіне нарық заманында қосымша табыс көзі болғаны абзал, – деді кейіпкеріміз.
Маржанның қолынан шыққан дүниелердің бағасы да көңілге қонымды. Ерекше сәнді орамалдар мен тюрбандар жасайтын ісмер қыздың бүгінде тұтынушылары да қалыптасқан. Оның өнерлі қолынан туындаған, әшекеймен көмкерілген орамалдары әрбір қыз-келіншектің талғамынан шығары анық.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 378 0