№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы

Жақсы мамандық – жақсы болашақтың бастауы


Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан - тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіп, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

Бүгінде қажетті мамандықтар – энергетик, құрылысшы, геолог, радио­техник, инженер, агроном және т.б. Расында, қарапайым кәсіпті меңгерген кәсіптің иелері азайып кетті. Мұның негізгі себебі, ата-ананың талабы өз перзентін талапқа сай етіп «заңгер, мұғалім, дәрігер» болуға үгіттейді. Аталмыш мамандықтарға кадрлардың тым көптігінен жұмыссыздық мәселесі туындауда. Сондықтан, әрбір ата-ана мамандық таңдарда баласын «Заман сұранысына сай, ертеңгі күні сол нәпақасын тауып жей алатын мамандықтарға» баулығаны абзал.
Осы тұста, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Осы бағыттағы аудандық аграрлы – техникалық колледждің жұмысы ерен. Әсіресе, құрылысшы мамандығы үлкен сұранысқа ие. Бұл аудан экономикасын көтеруге едәуір дем берері хақ. Көк аспанмен таласқан зәулім сарайлардың кірпішін қалап, жол салып, көпірмен жалғап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға үлес қосып жүрген құрылыс саласының мамандарын нағыз еңбек адамы деп атауға болады. Біздің елімізде бұл мамандыққа сұраныс өте көп. Алайда, осы мамандықты игеріп жатқан жандар өте аз. Біздің ауданымыздағы кәсіптік колледже «құрылысшы шебері» мамандарын даярлап, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Бұл бағытта колледж базасына жаңа технологиялар алынып, жаңа жүйе аясында жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. Студенттердің құрылыс саласына қызығушылығын арттырып, білікітілігін шыңдау мақсатында облыстық, республикалық түрлі іс-шаралардан әкірттеріміз жүлделі орындарды иемденіп, аудан атын асқақтатуда. Наурыз айында өзіміздің білім ошағында облыстық «WORLDSRILLS» колледж ішілік жарысына құрылысшы мамандығын дайындап жа­тырмыз. Колледж директорының оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орын­басары Д.Тұрсынқожаев, арнайы пән оқытушысы Е.Беркімбаев осында оқып жатқан шәкірттерге білім нәрін сапалы тәжірибесін бөлісуде. Яғни, кәсіби колледж – кәсіптік білімді ғана емес, заманауи мамандықтарды меңгерту жолына да еніп келеді.
Қазақ ойшылдары айтқандай, «Білім­дінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп». Расында, білімі бар адамды жарқын да жарық болашақ күтеді. Ал жарқын болашақ иесі – бүгінгі жаста.  Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» деп, қазіргі заманда техника мамандықтарын меңгерудің қажеттілігін нақты айтып өтті. Олай болса, ертеңін ойлар бүгінгі жас түлек мамандық таңдарда қателеспеуі қажет. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы. Жаңақорған кәсіптік кол­леджінде «Құрылыс» мамандығы бойын­ша 25 студент білім алуда. Сондай білімді оқушыларымыздың бірі Ерасыл Серікұлы, Алмат Бектөре, Тұрар Дүйсенбек, Нұр­дәулет Мәтеннің  мамандықтарына деген ерекше қызығушылықтарын да айта кеткен жөн болар.
Білім берудің қазіргі заманғы негізгі мақсаты кең іргелі, білімді меңгерген, ынталы, бүгінгі оқушы, ертеңгі бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білікті маман даярлау. Осы орайда, колледждің жоғары деңгейдегі материалдық-тех­никалық базасының қамтылуы арқасында колледж директоры Жомарт Шәуеновтың басшылығымен колледждің құрылыс бөлімінің студенттері түрлі олемпиадалаға қатысып жүр. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Бүгінде ірі жобалардың қолға алынып, сәулеті жарасқан еңселі ғимараттардың бой көтеруі – еліміздегі құрылысшылардың ерен еңбегі деп білемін. Олай болса, қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамай тер төгетін құрылысшылар қашан да құрметке лайық. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында бәсекеге қабілетті білікті маман дайындауда колледж студенттеріне заман көшінен қалып қоймай егеменді еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуларына оқытушылар қауымы да өз үлестерін қосуда.         
Сәуле Бегімбетова,
Жаңақорған аграрлы
техникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері
13 ақпан 2022 ж. 504 0