№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ағайын арасындағы араз Медиациямен шешілді

Ағайын арасындағы араз Медиациямен шешілді

Жаңақорған аудандық сотында «Медиация туралы» Заңының қолданылу ауқымы кеңейгенін көруге болады.
Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.
Отбасыларда жиі орын алатын ерлі-зайыптылар арасындағы араздықты, отбасының басқа да мүшелері арасындағы дау-дамайды оңтайлы шешуде медиация қызметінің ықпалы зор.
Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгершілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр. Медиация ағайын арасындағы татулықты сақтау кепілі. Медиациялық келісім соттың шешімі сияқты дауды түбегейлі шешуге ықпал етеді. Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіреді.
Сөзіміздің дәлелі ретінде, аталған медиация тетігін пайдалану арқылы аудандық сотттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, 73-2 бабының 1-1 бөлігімен әкімшілік істер қаралды.
Іс құжаттарында анықталғандай азамат А мен Б.,., Жаңақорған кентінде орналасқан тұрғын жайда келіндері М мен Ә-ге сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған. Сотта азамат А және Б., өз кінәларын мойындап, қазіргі кезде жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті. Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен және 73-2 бабының 1-1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, олар жауаптылықтан босатылды.
Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

18 маусым 2021 ж. 418 0