№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Медиация отбасы татулығын сақтап қалды

Медиация отбасы татулығын сақтап қалды

Жаңақорған ауданында және аудандық сотта «Медиация туралы» Заңның да қолдану ауқымы кеңейгенін көруге болады.
Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.
Отбасыларда жиі орын алатын ерлі-зайып¬тылар арасындағы араздықты, отбасының басқа да мүшелері арасындағы дау-дамайды оңтайлы шешуде медиация қызметінің ықпалы зор.
Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгер¬шілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр
Сөзіміздің дәлел ретінде, аудандық сотттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарында анықталғандай азамат М., Жаңақорған кенті, Қорған көшесінің бойында орналасқан тұрғын жайда жұбайы У-ға сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, ыдыс-аяқтарды сындырып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған.
Сотта азамат М., өз кінәсін мойындап, жұбайы У-мен қазіргі кезде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
27 мамыр 2021 ж. 603 0