№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация рәсімі қос тарапқа тиімді

Медиация рәсімі қос тарапқа тиімді

Дауласу кез-келген тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс.
Қоғамдағы болмашы даудың өзін тек сот шешуі тиіс деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл міндетті талап емес. Дауласқан тараптарды татуластыру әлемдік сот төрелігінің ең басты үрдісі. Медиациялық келісім соттың шешімі сияқты дауды түбегейлі шешуге ықпал етеді.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Сөзіміз жүйелі, деректер дәйекті болу үшін аудандық соттан бір ақпар келтірейік.
Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың өндірісіндегі үш азаматтық іс бір күнде медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Бірінші іс бойынша талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы жауапкер И-дан несие беру туралы шартқа сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралып, аталған іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы талап қоюынан бас тартса, жауапкер қарыз соманы белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенді.
Екінші және үшінші іс бойынша талап қоюшы Қ-ның жауапкер Ж-дан және талап қоюшы А-мен жауапкер К-дан қарыз ақшаны өндіруді сұраған талап арыздары бойынша азаматтық істері қаралды.
Іс бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Нәтижесінде, аудандық соттың ұйғарымымен үш істің де сот өндірісі сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды және іс бойынша төленген мемлекеттік баж төлемі бюджеттен талап қоюшыларға қайтарылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
27 мамыр 2021 ж. 622 0