1-тоқсан: көлік бұзушылық тыйылмай тұр
Былтыр есірткі бизнесімен айналысқандар қатары көбейсе, биыл көлікпен жолда жүру ережесін бұзғандар саны өсті. Неке бұзу, алимент, ауыр қылмыстың да қатары азаяр емес. Бұл жөнінде баспасөз конференциясында 1-тоқсанды қорытқан аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева түсіндірді.
Аудандық сотта үш айдың ішінде барлығы 253 іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде, азаматтық – 117, қылмыстық – 13 іс және әкімшілік құқық бұзушылық туралы –123 іс тіркелген. Алдымен азаматтық істерге тоқталсақ.
– Аяқталған 117 азаматтық іс бойынша 21 сот бұйрығы және 58 шешім шықты. Тоқтатылған іс саны 23-ке жетті, оның 15-і медиация тәртібімен шешілді. Татуласы келісім жасалған 2 іс бар. Жалпы медиация тәртібімен жыл сайын өз жемісін беріп келеді. Сотқа дейін татуласу, өзара келісу бұл дұрыс бағыт. Алайда, мал ұрлығына қатысты істерге кешірім берілмейді, яғни медиация заңы қолданылмайды. Сондай-ақ, азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулардың қатары көбейді. Соның бірі шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар. Яғни банк заем шарты, қарыз ақша өндіру сынды қаржы мәселесінде түсінпеушілік өте көп. Жыл басынан бері 29 разы түсті, – деді төраға.
Ал, айналдырған 3 ай ішінде 23 шаңырақ некесін бұзған, олардың басым көбі жастар. Бұл қазақ қоғамы үшін өте ауыр, қаншама балалар көзі жәутеңдеп қалды. Әке тәрбиесіне зәру, махаббатына бөленгісі келетін жасөспірімдер аз емес екенін осы статистикадан көруге болады. Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар да 19-ға жетіпті. Енді қылмыстық істерге ойыссақ.
– Қылмыстық істер бойынша 13 іс аяқталды, 10 іс бойынша Үкім шығарылды. Сотталған адам саны – 12-ге жетті. Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс саны біреуден. Ал, ауыр қылмыс 11-ге жетті. Көбісі ҚК-нің 346-бабымен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның алкогольді масаң күйде көлік басқаруынан туындады. 3 сотталушы да бас бостандығынан айырылды және көлік басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы қолданылды. ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша 2 іс аяқталды, – деді Әлия Бердібекқызы.
Биыл көлік басқару құралы жоқ бола тұра, темірді тұлпарды тізгіндеп қана қоймай, мас күйінде жүргізгендер саны артқан. Ішімдік ішіп, жол ережесін бұзғандардан биыл көп жағдай тіркелуде. Салдары мемлекет мүлкіне де тиіп жатқанын аңғардық. Енді қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге келсек. Бұлбойынша 123 іс аяқталыпты. Жаза тағайындалғаны – 109-ға жеткен, жаза тағайындалғандары, яғни айыппұл арқалағандары 67-ге жетті. Қамаққа алу бойынша 32 дерек тіркелген.
– Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты – көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару. Бұл бойынша жыл басынан бері 22 іс түсті. Сондай-ақ, жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу да жиіледі. Есепті мерзімде сотпен азаматтық істер бойынша – 2 жеке ұйғарым, қылмыстық іс бойынша – 4, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша – 10 жеке қаулы қабылданды, – деді төраға.
Бірінші тоқсанда байқағанымыз, биыл көлік басқарудағы заңсыздық тым көбейген. Әсіресе темір тұлпар тізгінін масаң күйде басқарғандар саны еселенді. Соның кесірінен қаншама адам зиян шегуде. Көбіне түнгі мезгілде жүйткіген көлікті көп көреміз. Жол ережесін елемейтіндер арасында жастармен бірге ел ағалары да өте көп. Оны күйбелең тірлікте жиі байқаймыз. Сондықтан жастарға үлгі болуды аға буын өзінен бастаса мұндай олқылықтар болмас еді. Көлік басқарудың мәдениет сақтай білейік, ағайын!
Әли ТЕМІРБЕК