№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ ­

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ ­

  Жыл басынан бері аудандық сотта 20 қылмыстық іс қаралған. Бұл жөнінде аудандық сотта өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Бірінші тоқсанды қорытындылаған аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева үш айда атқарған жұмыстар нәтижесін БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
 
   Жалпы бүгінгі таңға дейін Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне барлығы 20 қылмыстық ісі қаралып, аяқталған. Оның ішінде, 9 іс бойынша үкім шыққан. Ал, 11 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған. Айрықша атап өтерлігі, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 9-ы медиация Заңы қолданылып татуласқанын және электронды түрде 5 іс қаралып аяқталған.
– Есепті мерзімде 156 азаматтық іс қаралып аяқталды. Оның ішінде 26 арыз бойынша сот бұйрығы, 97 азаматтық іс бойынша шешім шығарылса, 20 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 9-ы медиация тәртібімен тоқтатылды. 11 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 34 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданды, – дейді сот төрағасының міндетін атқарушы.
Сондай-ақ Әлия Бердібекқызы әкім­шілік құқық бұзушылық істер жөнінде 2019 жылдың 3 айында барлығы 141 тұлғаға қатысты 141 әкімшілік істер қаралып, 111 тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын, 30 әкімшілік құқық бұзушылық іс қысқартылғанын және 24 іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын тілге тиек етті.
Баспасөз конференциясы барысындааудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева медиация тәртібімен татуласып жатқандардың саны күн санап артып келе жатқанын жеткізді.
– 2018 жылдан бастап аудандық сот ғимаратының құқықтық көмек көрсету бөлмесінде 3 кәсіби медиатор жұмыс күндері таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18.00 аралығында аудан халқына құқықтық көмек көрсетіп келеді. Олар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу, сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға септігін тигізуде. Мәселен, ағымдағы жылдың І-тоқсанында кәсіби медиаторлардың қызметіне 248 азамат жүгінсе, олардың 239-ы бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, осы негізде 239 дау бойынша сотқа дейінгі тәртіппен шешілген. Бұл үлкен нәтиже,– дейді Әлия Бердібекқызы.
Оған қоса, Жаңақорған аудандық сотында «Виртуалды сот» және «Түнгі сот» пилоттық жобалар аясында әкімшілік істер белсенді түрде қаралуда екен.
Басқосу барысында төраға міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева сот жүйесі қысқа мерзімде алға қарай үлкен қадам жасағанын айта келе, аудандық сотта жұмыс жасап жатқан «Виртуалды сот», «Түнгі сот» пилоттық жобаларына тоқталды. – Азаматтардың уақытын, олардың жеке қаражаттарын үнемдеп, істерді қарау мерзімін қыс­қартып, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратынын атап өтті. Осы жобалар аясында аудандық сотта әкімшілік істер виртуалды тәртіппен және түнгі сотта қаралғанын жеткізіп, сонымен қатар, сот жүйесін цифрландыру бойынша, электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервистерін пайдалану, «TrueConf» қосымшасын ұялы телефондарға жүктеу, оны қолдану арқылы сотқа келместен сот отырысына қатысу мүмкіншіліктерін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, баспасөз конфе­ренциясы соңында, БАҚ құралдарымен тығыз жұмыс атқарып жатқанын айта келе, алдағы уақытта ашықтық пен жариялылықты ұстаным ете отырып, сот төрелігін жандандыра түсетінін жеткізді.

Самат ӘБДІШ.
10 сәуір 2019 ж. 1 276 0